Оқи салшы))
Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады:
— Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен қанды жасын сорғалатып, ағыл-тегіл жылайды.
Жанды-жансыздың барлығы жыланға аяныш білдіріп, өкпесін орынды көреді, «қарасың деп шықпайтын, қара қылды қақ жарған, ақ жүрек ақылшымыз болар» десіп, өздеріне патша етіп сайлайды.
Жыл артынан жыл, күн артынан күн өтіп жатады.
Күндердің күнінде Жыланекең: «Бүкіл әлемге патша болып, барлық билікті өз қолыма алсам, бұдан да жақсы тұрар едім. Көзіме көрінген тамақты ішпей, дүниедегі жандылардың ең тәтті қандысын жер едім», – деп қиялдайды. Қан дәмін айыра алатындарды шақыртады. Қос қанатын делдитіп, аяқтарын шілтитіп, қуарып Шіркей, тұмсығын едірейтіп Маса, патшаның көңілін табам деушілердің бәрі келеді.
Көктем келді.
Шуақты көктемді табиғатта тіршілік иесінің бәрі тағаттана күтеді десем, артық айтпаспын. Себебі көктем келісімен, айналадағы тіршілік атаулының бәрі көктем келісімен қысқы ұйқыдан оянып, табиғат ана да қысқы ұзақ ұйқысынан оянып, жер жүзі құлпыра түседі. Күннің көзі жарқырай түсіп, жылы жақтан құстар қайтып, бейне бір "көктем келді!" деп айналаға жар салғандай әндете түседі. Жердің бетіндегі қар еріп, алғашқы бәйшешектер шыға бастайды. Сәлден соң ағаштар бүршік жарып, олар кейіннен жапыраққа айналады. Осылайша табиғатқа жан бітіп, жанданғандай күй кешеді. Қысқы ұйқыға кеткен жануарлар оянып, індерінен шығады. Міне, осының бәрі ғажап бір көрініс емес пе?!
Көктем - менің ең сүйікті жыл мезгілім. Көктемде сонымен қатар қазақ халқы үшін басты мейрамдардың бірі - Ұлыстың ұлы күні Наурыз тойланады.
Төрт түліктің пайдасы ежелгі замман бізге берер пайдасы өте зор.
Мысалы Жылқы малын алсақ Сойсаң ет тамақ, мінсең көлік, болады ал қойдыңда адамдарға беріп жатқан пайдасы дәл жылқы малыныңкіндей, және терісінен баяғы заманда кілем сынды материалдар дайындаған. Сиырдың беретін пайдасы ол сүт.