.. әТөмендегі сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып жазыңдар.
1. Жалынға оранған ұшағын жау техникасы шоғырланған тұсқа
бағыттап капитан Н.Гастелло ерлігін қайталап ерлікпен қаза табады,
2. Талғат Бигелдинов ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады
305 рет әскери шабуылға шығады
3. Ол әскерилер арасында «ұшқыш танк» деп аталып кеткен
«Ил-2» ұшағымен 1942 жылы майданға аттанады
4. Есіл ер 1943 жылы қаза тапқан соң Кеңес Одағының Батыры
атағымен марапатталады
5. Тапсырманы орындау кезінде бірнеше дзотты зенит артилле-
риясының 2 нүктесін 6 танкіні жояды бірақ өзінің де ұшағы за-
қымданады.
Тірі табиғат үшін (адамдар, жануарлар, құстар, өсімдіктер, микроағзалар) маңызы орасан зор. Күн болмаса, тірі табиғат та болмас еді.
Күн – біздің планетада болатын табиғи процесстердің басты қозғалтқышы. Ол – Жерге жарық және жылу береді. Сондықтан Күн болмаған жағдайда – ең кішкентай микроағзалардың өзі тіршілік ете алмас еді.
Ультракүлгін сәулелері – атмосфераның антропогендік факторларынан туындаған ластануды тазартады және атмосферадағы шаң мен түтіннің бөлшектерін жояды. Сонымен қатар, адамға аз мөлшерде ультракүлгін қажет. Ол D дәруменін өңдіреді. Бұл дәрумен жеткілісіз болса, адам ұйқысыздық және тез шаршаудан зардап шегеді. Сондықтан, Күннің астында жүру пайдалы. Дегенмен әр нәрсе шегімен болу керек, тым ұзақ күн астында жүру ағзаға кері әсерін тигізетінін есте ұстаған абзал.
Адамдар күн энергиясын тұрғын үйлерлі жылыту, ауаны тазарту және электр энергиясын өндіру үшін пайдаланады.