Болашақ энергиясы» тұрақты даму ұстанымдарына негізделеді, ал оның астында экономикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарды, сондай-ақ мәдени ахуалдылылықпен және адам денсаулығына пайдалы ортаны қамтамасыз етумен байланысты сұраныстарды қанағаттандыруға бағытталған үрдістер ұсынылған.Қуат көздерінің дамуына бағытталған стратегияларды, бағдарламалар мен технологияларды зерттеу, қуатпен жабдықтау сенімділігі мен тиімділігін арттыру, қалпына келтірілетін қуат көздерін қолдануды ынталандыру және қонақтарға қуат көзін үнемдеу өндірісінің жоспарын дайындау мен іске асыруға , энергетикалық қорларды тиімді пайдалануға белсенді қатысу қажеттілігін көрсету тәрізді нақты мақсатпен негізделеді. Алаштың айбыны мен айбарына айналған ажарлы Астанада Бүкіләлемдік ЕХРО-2017 көрмесі болды. Көрменің де көрмесі бар. ЕХРО Халықаралық көрмесі күнделікті көп шараның бірі емес. Оны өткізуге әлемнің әлеуметті елдерінің бәріқатысты.Кезінде Парижге – Эйфель мұнарасын, Лондонға – Хрусталь сарайын сыйлаған, ал Венаға әлемдегі ең үлкен мұнарасы бар павильон тұрғызған ЕХРО Бүкіләлемдік көрмесі Астанада өтті. Қазақстан осы құрметті жеңіп алды. Осы 2017 жылы өткен ЕХРО Халықаралық көрмесінің басты тақырыбына бүкіл әлем үшін өте маңызды болып табылатын «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпты шығара отырып, дүние жүзін балама энергия көздерін дамытуға және «жасыл экономика» қалыптастыруға шақырып отырмыз. Бұл проблеманың біздің еліміз үшін де маңызы зор. Өйткені, қазіргі таңда Қазақстанда ауыр экологиялық ахуал қалыптасқан. Екінші жағынан, ұлттық экономикамыздың құрылымын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік беретін көптеген озық бастамалар белгіленген және жүзеге асырылып жатыр. Таяу болашақта еліміз жүріп өтетін жол жеңіл емес. Бұл даму жолы ауқымды инвестиция, жан-жақты ізденіс және озық технологияларды қажет етеді.
Абай - даналықтың бастауы.
Жоспар.
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1. Абай - біртуар дара тұлға.
2. Абайдың шығармашылығы.
Қорытынды.
Абай Құнанбаев осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған Тобықты руынын ішінде 1845 жылы туған. Абайдың өз әкесі — Құнанбай, атасы — Өскембай, арғы атасы — Ырғызбай. Аталарының барлығы да ру ішінде үстемдік жүргізген адамдар.
Абай - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Болашақ ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы орасан зор ықпал етті. Абай — ұлы ақын әрі ойшыл. Ол өз төңірегіндегі адамдардың, жақындары мен шәкірттерінің бойындағы өз халқына риясыз берілгендікті, оның мүдделерін қорғау қасиеттерін қолдап отырды. Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауга шақырды.
Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады.
ты какой класс