Кез келдген адамның жанына жақын өзіндік бір айналысатын ісі болады. Бос уақытында сүйікті жұмысымен айналыспайтын жан жоқ шығар. Сол секілді менің де өзіме ұнайтын хоббиім бар. Менің хоббиім де, өмірім де — футбол. Өзге спорт түрімен де шұғылданамын. Жора-жолдастардың арасында аздап баскетбол ойнайтыным бар. Бос уақытымда бокспен шұғылданамын. Мен әлемдік деңгейдегі футболшыларға қызығамын. Мысалы Солар сияқты биіктен көрінгім келеді. Мен футболдың әр матчын үзбей көремін, және сияқты командаларға жанкүйерлік етемін. Бір сөзбен айтқанда футбол бұл өмір!
Исатай тайманұлы (1791-1838) – 1836-38 жылдары батыс қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. кіші жүз байұлының беріш руынан. жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан ағатай батырдың ұрпағы. махамбет өтемісұлы (1804 ж., ішкі бөкей ордасы, қазіргі батыс қазақстан облысының жәнібек ауданының нарын құмының жасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, қараой өңірі, қазіргі атырау облысының индер ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы исатай тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.
Ұлан байтақ даланы мекен еткен ата бабамыз тек қана малдың тісіне ерумен өмір сүріп қоймаған. Көңіл құмарын қандыру үшін неше түрлі қызықты істер таба білген. Сондай қызықтың бірі аңшылық болып табылады. Жүйрік ат, қыран бүркіт, алғыр қаршыға, құмай тазы, айлалы сұңқар, болат қақпан, түзу мылтық сияқтылардың әрқайсысы ерекше сырға толы. Сол сырлары арқылы көптеген жанды аңшылық қызметке еліктіре білген. Тек еліктіріп қана қоймай, ер жігіттердің сенімді серігіне айналып, қиналған сәтте көмекшісі де бола алған. Сондықтан да халқымыздың тіршілік салтындағы қысқа күнде қырық алып қоржын толтырып, "үйірімен үш тоғыз" олжа байландырар, ең сүйікті кәсібі осы - аңшылық. Сонымен қатар аңшылықтың, саятшылықтың ерекше жақсылықтары да бар. Ол кімді болса да салқын сабырға, жан семіртер көңілділікке баулып, ерік күші мен дене күшінің бір-бірімен үйлесім табуына әсер етеді. Сол себептен ата-бабаларымыздың аңшылықты кәсіп ретінде ғана емес, өнер ретінде санауының үлкен мәні бар. Қазақ арасында аңшылықтың кең тараған танымал түрі - аңды бүркітпен аулау, бүркіт ұстап саятшы болу, аңшылыққа ден қойып, салбурынға шығу. Халқымыздың арасында жыртқыш құстардың әр түрін қолға үйрету дәстүрі болған. Солардың ішінде ең бір қасиет тұтатын қыраны - бүркіт. Қазақ аңшылары "Бүркіт" деп жыртқыш құстардың ішіндегі аса тектісін, адам қолына тез үйренуге бейім естісін атаған.