М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
gulim160104
gulim160104
02.03.2022 03:12 •  Қазақ тiлi

Ңмінез құлықтарын жануарлардан байқауға бола ма? мысалы: түлкі - қу ,қасқыр- озбыр, арыстан -ержүрек , қоян -қорқақ қой- момыс , жуас. осы тақырып бойынша өз ойыңды шағын шығармада дәлелдеп жаз.

👇
Ответ:
Анна12011
Анна12011
02.03.2022
Иә, адамның мінез құлықтарын жануарлардан байқауға болады. Мысалы: түлкі - қу ,қасқыр- озбыр, арыстан -ержүрек , қоян -қорқақ қой- момын , жуас. Дегенменде, бұл жануарлардың табиғи түйсігі, ырықсыз сезімі бар. Олар құдадың алдында ақты. Ал а өз мақсатына жету үшін, осы барлық аңдардың жыртқыш ырықсыз сезімдерін жақынына бас салады. Аңдардың тіршілігі бізге қарағанда - ол аллатағаланың ұсынысы, болмысы. Ал біз болсақ, жер дүниедегі бар жамандылықты бойымызға сіңіріп, бір-бірімізді жоюға дайынбыз.  Біз бұл аңдарды өлтіретіндей құқығымыз бар деп, неге жеттік, бір-бірімізді өлтіре бастадық. Нағыз хайуандық адамның өзінде. Ғаламшарда адамзатты құрту мақсаты бар жануалар сияқты  ешбір жануар жоқ, Ал біз болсақ, Алла Тағаланың бәрін жоюдамыз!
4,6(79 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Жанночка305
Жанночка305
02.03.2022

Қазақстандық спортшылар туралы хат.

Сергей, сәлем! Қалың қалай? Сабағың жақсы ма?

Менде бәрі жақсы. Домбыра үйірмесінде сайыс ұйымдастырылып, соған дайындалып жүрмін.

Есіңде кезекті хатымда елімнің атақты спортшылары туралы айтып беремін деп едім ғой. Міне, сол уәдемді орындап жатырмын.

Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтып келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.

Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.

Бұл ретте Илья Ильинді атамай кету мүмкін емес. Қазақстанның есімін бірнеше дүркін әлемге танытқан әйгілі спортшы. Ол - Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы [1]. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.

Әрине, спортшылар тізімі осымен шектелмейді, бірақ өзім осы тұлғаларды ерекше мақтан тұтамын. Ал сенің сүйікті спортшыларың кім?

Хабарласып тұр.

Сәлеммен,

Досың Ахат.

4,7(16 оценок)
Ответ:
анна2216
анна2216
02.03.2022
Қандай да болмасын коғам тәртіпті қажет етеді, оған мүдделі болады. Сондықтан да тәртіп орнауға тиіс. Ал тәртіптің бастауы — әдеп. Өйткені әдебі жоқ қоғамда тәртіптің орнауы екі талай. Ал, тәртібі жоқ қоғамның ыдырамауы да мүмкін емес. Сол себепті де "Адам әдепті болуға тиіс" деген сөз тәртіпті болуы керек дегенді де ұқгырады. Өйткені тәртіп — әдептің бір түрі. Қоғамдағы ең бағалы адам — әдепті адам. Әдепті адамдар - коғамның баға жетпес байлығы, әрі мәртебесі. Қай қоғамда әдеп жоғары қойылса, сол қоғамның абыройы жоғары, түрмысы да бақуатты болады. Бір адамның қандай да бір әдепсіздік ісі міндетті түрде айналасына күйедей жүғып, қоғамға зор зиянын келтіреді. Халыктың: "Бір қарын майды бір күмалақ шірітеді",- дейтіні сондықтан болса керек. Әдеп белгілі бір коғамның рухани кажеттігі негізінде пайда болып, өзіндік белгілері, сипаттары арқылы сол қоғамды құрайтын адамдарды біріктірудің куатты құралы қызметін атқарады. Демек, әдеп - қоғамдағы келісімді іс-қимылды ажарландыратын тетік, адамдар арасын адамгершілік негізде байланыстыратын қоғамдық. құрал. Сондыктан да адамның әдептілігі оның адамдар арасындағы жүріс-тұрысынан, басқалармен қарым-қатынасынан көрінеді. Халық: "Жақсы-жақсы дерсің, ісің түссе білерсің",— деп бекерге айтпаған ғой. Әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болмақ.
4,5(69 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ