Шығарма
Қыс.
Сары аязымен маңайды түп-түгел баурап қыс та келіп жетті.Әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшеліктері болады.Ал қыс мезгілің ерекшелігі - аппақ қары."Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр-жерге жауған нұр" демекші,көгілдер аспаннан жауған мамық қар күнмен шағылысып бейне бір бағалы тастар секілді.Ал қалың етігіңмен қарды басқан кезде "қырт-қырт" еткен дыбыстардың шығуы да жүзіңе күлкі сыйлайды.
Қыстыгүні табиғат қана емес,ойындар да керемет көңіл-күй береді.Шана, шаңғы тебу, аққала жасау, қардан қорғандар тұрғызу, қармен атысып ойнау - бұл мезгілді қалай ұнатпауға болады?Тоңсаң да үйге қайтқың келмей,әзер ойынды тастайсың.
"Қыс - аязымен,жаз - самалымен" деген екен халқымыз.Ия,қысты аязсыз елестету мүмкін емес.Далаға шықсаң екі бетіңнің ұшы мен мұрның қызара кетеді.Ал таңертең терезеге аяз салып кеткен өрнекті қыраулар да тамаша көрініс.
Қыс, қар, мұз, қырау, қылау - жерді көміп,
Бұлт бүркеп, тұман төніп, баса шөгіп,
Жер-көкті аяз бүріп, қызыл жалап,
Бұрқ-сарқ боран құсып, шашып, төгіп,-деп ақын Ілияс Жансүгіров жырлағандай,қыс - ең әсем,қызықты мезгілдердің бірі.

2.Жоқ, мен мектептегі қоғамдық шараларда ән айтпаймын.
3.Иә, қазақша әндерді тыңдағанды ұнатамын.
4.Көбінесе эстрадалық әндерінен әсер аламын.
5.Қазақ әншілерінен Роза Рымбаевадан үлгі аламын.
6.Болашақта Роза Рымбаева әншіге ұқсағым келеді.
7.Иә, әуестенген әндерінің жинақтары, үнтаспалары бар.