Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.(Ж.Молдағалиев)
Ия, әркімнің өз туған жері-жұмағы. Менің кіндік қаным тамған жер, ұлы дала, байтақ ел-Қазақстан. Мен елімді шексіз сүйгендіктен жүрегімнің соңғы дүрсіліне дейін туған далама адал қызмет еткім келеді. Ұлы даралар салған жолмен жүріп туған тілімізді ,дінімізді, сан мыңдаған тарихымызды танып білу үстіндеміз. Осы күнге дейін біз қаншама ірі жобаларды жүзеге асырдық, рухани жаңғыру аясында EXPO-2017 ұлттық көрмесін қою мәртебесі Қазақстанға бұйырды, енді айта берсек өте көп. Биыл 2019 жыл елімізде жастар жылы деп аталғаны барлығымызға мәлім. Осыған байланысты дарынды да өнерлі жастарымыз өз ұсыныстарын ортаға салды және қазірде ірі белестерді бағындыру үстінде. Жақында Америка елінде”The World’s Best”атты әйгілі жоба құрылып, әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған өнерлі жастар бақ сынасты. Сол жобаға елімізден бұлбұл дауыс иелері Димаш Құдайберген, Данэлия Тулешова да қатысты. Бір қуантарлығы бұл екі әнші де ақтық байқауға жолдама алды Мінекей, еліміз жеткен жетістіктер қаншама. Күн санап еліміз жаңғыру үстінде. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы жылда өз орнын босатуға шешім қабылдады және елбасы міндетін Қасым Жомарт Тоқаевқа үлкен сеніммен тапсырды. Жаңа президентіміз Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп өзгертетінін хабарлады. Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев жырлағандай
Отан!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды.
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/26131/
Поиск...
Избавься от ограничений
ПОПРОБУЙ ЗНАНИЯ ПЛЮС СЕГОДНЯ
chaina004
chaina004
22.11.2016
Қазақ тiлi
5 - 9 классы
ответ дан • проверенный экспертом
Сан есімдерді құрамына, мағынасына қарай талдап, сөйлем құраңдар. Екі – үш, жүздей, мыңдаған, миллионнан астам, жүз шақты, он – оннан, қырық, отыз, жиырмаларда, сегіз жарым, бесеу, бір мың тоғыз жүз қырық бірінші, оннан бірі, тоғыз, алтау, жүзден екісі, біреу, он төрт.
1
СМОТРЕТЬ ОТВЕТ
Войди чтобы добавить комментарий
ответ, проверенный экспертом
2
saida53
главный мозг
5 тыс. ответов
7.4 млн пользователей, получивших
Ол есік алдына екі-үш түп ағаш отырғызды. Менің ағамның отарындағы қойлар саны жүздей. Бұл концертке мыңдаған адам жиналды. Алматыда халық саны миллионнан астам. Тойға екі жүздей адам шақырғанмен жүз шақты адам зорға жиналды. Тренер бізді он-оннан бөлді. Қазақта қырықтың бірі қыдыр деген мақал бар. Жігіт отыз жасында орда бұзады. Ол үйленгенде жиырмаларда еді. Сабақ сегіз жарымда басталады. Біз топта әзір бесеу болғанымыз бен,әліде қосылғысы келетіндер көп. Бір мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы Ұлы Отан соғысы басталды, ол бес жылға созылды. Бұл менің табысымның оннан бірі ғана. Мен тоғыз құмалақ ойнауды үйрендім. Олар басында алтау еді, қазір енді он болды. Қала тұрғындарының жүзден екісі өзге ұлт өкілдері. Сен есікті біреу келсе ашпа, түсіндің бе? Оның бүгін туылған күні, он төрт жасқа толады.
Объяснение:
Міне
Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров
Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Тегістік ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін зоотехникалық мамандықты қалап, Семейдің мал дәрігерлік институтына оқуға түседі. 1974 жылы институтты тәмамдап, республикамыздың астанасы Алматы қаласына келеді. Мұндағы мақсаты елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы В.А. Писаревтің басшылығымен спорттың күрес түрімен тереңірек айналысу болатын. Бала кезінде қазақша күреспен, ал классикалық және еркін күреспен институт қабырғасында оқып жүрген кезінде айналыса бастаған болатын. 1970 жылы жаттықтырушы Рома Хасанович Ильматовтың кеңесі бойынша өзіне таныс емес күрестің жаңа классикалық түрімен айналыса бастады. Арқадан асырып лақтыру әдісін жақсы меңгереді. Күрес кезінде қарсыласын дәл бағалай біліп, әлсіз жақтарын сезіп, нәтижесінде өз пайдасына шешетін. Ұпайы қанша жоғары болып тұрса да, ойын аяғына шейін жеңудің ыңғайлы жақтарын іздеумен болатын. Бір жылдан кейін 1975 жылы Алматы қаласында өткен алтыншы жазғы халықтар Спартакиадасының Жақсылық үшін маңызы зор болды. Еліміздің ең таңдаулы күрескерлерімен белдесіп бәрін жеңіп шығып, Спартакиада чемпионы болып, өміріндегі алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Ж. Үшкемпіров еліміздің чемпионатының жеті дүркін жүлдегері болды.
Түрлі халықаралық турнирлерде өзімен тең түсетін қарсыластарымен шыққан ұзақ та, титықтатқан күрестер, содан кейінгі Одақтық біріншіліктегі чемпион атанған табысынан кейін ғана Ж. Үшкемпіров, өмірінде бірінші рет Олимпиада ойындарына кандидаттық жолдама алды. Ж. Үшкемпіров бар күш-жігерін Москвада өтетін Олимпиадаға қатыстуға жұмсады. 48 кг салмақта классикалық күрестен төрт адамның кандидатурасының ішінен аз ғана арасалмақпен алға шыққан Жақсылықтың кандидатурасы өтті. Бұл қиын жарыста тек Ж. Үшкемпіров қана жеңетінін басшылыққа дәлелдеген жаттықтырушы Вадим Александрович Псарев болды. Олимпиаданың бірінші күнгі жеребе салу рәсімінің нәтижесінде Жақсылық бірінші айқасқа ең күшті әлемнің екі дүркін чемпионы румын шебері Александрумен түсетін болды. Бұл сәтте де оны қолдап, көңілін көтерген Валерий Резанцев пен Вадим Александрович Псаревтар болды. Олимпиада күндері Ж. Үшкемпіров чемпиондыққа үміткер қарсыластары: румын Александру, поляк Керпач, болгар Христов, венгр Шерештерді шебер техникасымен, шапшаңдығы және төзімділігімен жеңіп шықты. Осылайша қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болды.