М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Катя132211111
Катя132211111
13.06.2020 07:01 •  Қазақ тiлi

Очеень много сочинение на казахском : маган унаймын қазақтын салт- дәстүрлері ( казахские традиции/обычаи которые мне нравится)

👇
Ответ:
Legend1111111
Legend1111111
13.06.2020
«Ата салтың – халықтық қалпың» демекші, өз жұртының қадір – қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын. Тындар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс – тіршілігіндегі керемет салт – ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ. Той малы 
Той малы (дәстүр). «Жүз жылқы той малына кетіпті» (М.Ж.Көпеев). Келін алуға келген қадірлі құдалар ел дәстүр салты бойынша сән салтанатымен, жөн жосығымен келіп түседі. Бұл жолдың кәде жоралары да көп болады. Соның ішінде ең басты кәдесінің бірі осы топқа арнайы әкелген « той малы» деп аталатын жолды дәстүр. Бұған әр құда өз дәулеті мен шамасына қарай жылқы немесе бірнеше қой әкеледі. Күйеудің абырой, беделі осы кәдеге де байланысты болады. Бұған қымбат мата, бұйым, жеміс, қант, шәй да қосылады. Әкелген мал арқылы құдалар қыз әкесінен, атасынан немесе сол ауылдағы жолы үлкен ақсақалдан бата тілейді. Батадан кейін әлгі мал сойылып, тойға жиналғандар одан ауыз тиеді. Той малы толымсыз болса қыз жеңгелері құдалардың бетіне басады. Сондықтан да «той малының» мүшесі түгел әрі семіз болуы қатты қадағаланады. 

Күйеуаяқ 
Күйеуаяқ (ғұрып). Жігіт қалыңдығын алғаннан кейін әдеп бойынша енесін қошаметпен өз үйіне апарып салады. Ата енесі күйеу баласына ірі мал атайды. Мұны «күйеуаяқ» дейді. 

Түйемұрындық 
Түйемұрындық (ғұрып). Ұзатылып жатқан келіншек көшінің жолында отырған ауылдың адамдары (жастары, әйелдері) керуен атының ноқтасынан, не түйесінің бұйдасынан ұстап тұрып сұрайтын кәдесі. Қыз анасы оларға кәдесін жасайды, кәде алған риза болып, бақыт тілеп батасын беріп, жол болсын айтады.Қыз қашар 
«Қыз қашар» (дәстүр). «Былайша қыз қашар дәстүрін өткізетін үйді «болыс үй» дейтін көрінеді». (Х.Арғынбаев). Күйеудің келуін «ұрын келу» десе, қыздың атастырылған күйеуін көруі «қыз қашар» дейді. Бұл «ұрын тойы» өтетін күні болады. «Ұрын той» жастар үшін көңілді, думанды тойлардың бірі. Бұған жас жеңгелер мен жастар қатынасады. Күйеуден алынатын «қол ұстатар», «шаш сипатар», «қыз құшақтар», «арқа жатар», «көрпе қимылдатар» тағы сол сияқты кәделер осы жолы беріледі. Екі жастың бірін бірі көріп, тілдесуі де осы тойда болады. Екеуі де бірін бірі ұнатып, қалыңдық жігітке қыз белгісі орамалын және оның іні қарындастарына да түрлі сыйлықтар береді. 
Күйеу ұрын барғаннан кейін құдалық бұзылатын болса қазақ заңында өте ауыр іс. Үлкен дауға кетеді. Күйеу себепсіз бас тартса бұрынғы берілген мал қайтарылмайды және айып салынады. Батаны қыз жағы бұзатын болса қалың мал толық қайтарылады әрі айып төлейді. 

Құйрық бауыр 
«Құйрық бауыр» (салт). «Құйрық бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе» (мәтел). Бұл құдалық дәстүр рәсімі болғанмен ұлт салт дәстүрінде орны бөлек жай. Екі жақ келісіп құда болған жағдайда оларға «құйрық бауыр» арнаулы сый әкеледі. Әкелуші әйел «бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар» деп тілек білдіреді. Одан барлық құдалар ауыз тиеді. Құйрық бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі құжат болып бекітілген. 
Құдалық дәстүр және оған сәйкес әдет ғұрыптар әдетте әзіл қалжыңсыз, ойын сауықсыз өтпейтіндігі әркімге белгілі. Сондай ақ осы «Құйрық бауыр» салтында да қалжың өлеңдер мен қағытпалар да айтылмай қалмайды.Құда, құда дейсің ау, әй, 
Құйрық бауыр жейсің ау, әй, 
Құйрық бауыр жемесең, 
Несіне құда дейсің ау, әй. 

Әр елде, әр ауылда әр салт дәстүрдің осындай өзіндік әуендері мен ән жырлары да болған. Ауыз әдебиетіндегі тұрмыс салт жырлардың мұндай үлгілерінің көпшілігі ұмытылуға айналған. Дегенмен ел ішінен оның бірнеше жақсы түрлерін әлі де табуға болады. 

Күйеу киімі 
Күйеу киімі (салт). «Әкесі күйеу, шешесі қалыңдық болмаған ба?» деп бізді мінейді. Ки! деп аттанар жерде Абайға жаңағы күйеу міндетті түрде «күйеу киімін» киюге тиіс. Алдынан шыққан жеңгелер мен жас қыз келіншектер күйеуді киімінен танып алады. Сондықтан күйеу басқа жігіттерден салт бойынша ерекше киінеді. Бөркіне үкі тағып, қызыл шапан, биік өкше етік киеді. Бөркін көзіне түсіріп төмен қарап, кішілік көрсетіп тұрмаса айып төлейді немесе сөзге, күлкіге ұшырайды. Сол бетімен қыз келіншектердің ортасына түскен күйеу небір азапты әзіл қалжыңға төзеді. Оның мінген атын «күйеу атымен күл тасы» дегендей ауыл балалары мініп алып қызыққа бөленеді. Бұл да ауыл салты. 
4,6(73 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
panerik6
panerik6
13.06.2020

«жібек жолы» (ұлы «жібек жолы») — қытайдың ши-ан деген жерінен басталып, шинжәң, орталық азия арқылы таяу шығысқа баратын керуендік жол бағыты. атауды алманиялық ғалымдары ф. фон рихтһофен (f. von richthofen) бен а. һерман (а hеrman) 19 ғасырда ұсынған.[1] ұлы жібек жолы- өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. біздің дәуірімізден бұрынғы ii ғасырдан басталған бұл жол еуропа мен азияның-батыс пен шығыстың арасын жалғастырғын көпір болғын.оның қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында vi ғасырдан бастап, екі бағыт: сырдария және тянь-шань жолдары бағыттары кең өрістелген. бірінші жол қытайдан басталып,шығыс түркістан қашғар арқылы жетісуға, содна сырдарияны жағалап, арал маңынан әрі қарай батыс елдеріне өткен.ұлы жібек жолы i. біздің заманымызға дейінгі ii ғасырдың ортасында еуропа мен азияны біріктірген ұлы жібек жолы пайда болды. ұлы жібек жолы - қытай мен еуропаны байланыстырған сауда жолы. осы уақытқа дейін негізінен, «лазурит жолы», «нефрит жолы» және «құндыз жолындағы» сауда қызып тұрды. «лазурит жолы» - мысыр, иран, вавилон елдеріне памир тауларында өндірілген лазурит тасы тасымалданған жол. «нефрит жолымен» қытай патшалары мен бай-шонжарларына арналып жасалатын зергерлік бұйымдарға қажетті гауһар тас, нефрит қашқардан қытайға тасымалданған. «құндыз жолымен» бағалы аң терілері әртүрлі елдерге таралған. ii. біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың ортасында «дала жолы» іске қосылды. «дала жолы» арқылы қытай жібегі мен иран кілемі жеткізіліп тұрды. ұлы жібек жолы еуропа мен азия елдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, ондағы халықтарды біріктірді. жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты - қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды. еуропа мен азияны біріктірген бұл жол ғажайып жетістіктерге жеткізді. ған елдердің сауда мен айналысуына, ғылымның , дін мен мәдениеттің қалыптасуына ықпал етті. iii. ұлы жібек жолы ежелгі қазақстан жері менің де өткен. ең негізгі сауда жолы сырдария, талас, шу, iле арқылы қытайға ұласқан, жолдың ендігі бір бөлігі «яқсарт», «сейхун» деп аталған сырдария, орал (жайық) өзендерін жағалап, ары қарай қара теңіз маңы, византия мен батыс еуропа жерлеріне дейін созылып жатты. жібек жолы орталық қазақстан далаларына, сарыарқа мен ертіске, алтай мен моңғолияға қарай жалғасты. осы жолдардың бойында испиджаб, усбаникент, отырар, түркістан, тараз, сауран, сығанақ, сарайшық, жаңакент сияқты ірі қалалар болған. бұл қалалардың өркендеуіне члы жібек жолының тигізген әсері мол.

4,8(36 оценок)
Ответ:
Lastivka2016
Lastivka2016
13.06.2020
Ұстаз — мектептің жүрегі, баланың тірегі, екінші анасы әрі қамқоршысы.
Мен ұстаздардың еңбегін бағалаймын,сондықтан олардың еңбектерінің еленгенін қалаймын.Өйткені олар — бала үшін жанын салып, білімнің бар кәусар бұлағын ашып, біздің санамызға сәулесін төгіп,нұрын шашатын жақсылық иелері. Олай дейтінім, жақсының жақсылығын айт, нұры тассын дегендей, мен өзімнің сынып жетекшіммен мақтанғым келеді. Ол кісі -сондай мейірімді, ақылды, ақкөңіл әрі өте білімді адам.Бізге қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін сынып жетекшіміздің барлық сабақтары қызықты өтеді,өйткені,ол — өте ізденімпаз жан. Сыныптағы 15 қыз бен 6 ұлдың көңілін тауып, бәрін өз баласындай көретін керемет құрметке лайық апайымыздың еңбекқорлық,бауырмалдылық,ұйымшылдық қасиетін біз ешқашан ұмытпаймыз.Сабақ оқимыз,сабақта тыныш отырамыз, барлықіс-шараларға белсенді қатысамыз, бұның бәрі — Ергүл Қуандыққызының еңбегінің арқасы.
4,8(20 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ