М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ginfv
ginfv
19.09.2022 20:44 •  Қазақ тiлi

Составить кросворд на казахском на тему "прочитанные сказки" ​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Nathoe789
Nathoe789
19.09.2022

ответ: өмірдің мәні. "өмірдің мәні туралы ойланбайтын бар ма? " деген сұраққа кім болса да: "жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын болмайды", — деп жауап беретін болар. олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.  

ұлы абайдың жас ұрпаққа: "атаның ұлы болма, ң ұлы бол" деп өсиет калдырғаны белгілі.  

әрине, бұл жерде өз атына лайық, ізгі, мейірімді, өзгелерді қадірлейтін, өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра алатын, өзі үшін де, өзгелер үшін де еңбек ете білетін, өз құқығын қорғап, өзгелердің кұқығын сыйлайтын, өмірден кеткен соң артына жақсы сөзі мен ісін қалдыратын туралы әңгіме болып отырғаны анық.

дегенмен бұдан туындап жататын сұрақтар да аз болмаса керек. сонда қалай, кез келген бұл дүниеге келгеннен кейін бар өмірін артына жақсы із қалдыруға арнауға міндетті болғаны ғой? ң бәрі ұлы тұлғалар сияқты еңбек етіп, артына игілікті мұра қалдыра ала ма? ондайға тырысу қатардағы үшін қиял, орындалмайтын арман емес пе?  

"менің өмірлік тұрғым басқа, — дейді біреулер, — өмір ға екі рет келмейді. сондықтан мынау көк аспан мен жарық күннің астында сайран салып қалу керек. аузың барда асап қал. ішіп-же. киін. сауық құр. нәпсіңді қандыр. ләззат ал". қайсысы дұрыс?

мұндай сұраққа сылдырата жауап бере салу қиын емес. өмірінің мәніне қатысты мәселе — ол әр ң өзінің жеке мәселесі. мұндайда дайын рецепт беруден онды нәтиже шыға кояр ма екен? дүние жүзінде қанша болса, сонша өмірлік ұстаным бар. ал талқының, пікір алмасудың ешқашан артықшылығы болмайтыны анық.  

өткен ғасырларда өмір сүрген ғұламалар бұқаралық санадағы түсініктерге талдау жасай отырып, ң болмысының абстрактілі және өзгермейтінін негізге ала отырып, ң өмірінің мәні оның іс-әрекеттерінің негізгі мақсаты мен мұратынан тұрады деген қағидаға ден қойып келгені мәлім. бұдан дүниені рухани құралдармен өзгерту мүмкіндігі туралы ой туады. көптеген философтар өмірдің мәнін жеке ң дүниетанымдық жүйесінің көрсеткіші, моральдық нормаларды бейнелейтін реттеуші үғым ретінде қабылдайды. бұл жерде өмірінің мәнін белгілі бір тұтынушылық стандарттар мен жеке бастың қамтамасыз болуына жетумен байланыстырудың да негізсіз емес екендігін айта кету керек.

өмірдің мәні туралы сауалдарға ғылыми тұрғыдан нақты жауап қайтару мүмкіндігін теріске шығаратын теориялар да жоқ емес. ондай тұжырымдар өмірдің мәні әр жеке үшін өзінше, қайталанбас өзгешелігінен туындаса керек. егер дүние жүзінде 6 млрд-тан астам бар десек, өмірдің мәні туралы сонша пікір бар.

ал өмірдің мәні туралы философтар пікірлерінің жалпы қа ортақ, әлдеқалай бір жиынтық тұжырым болып шығып жатуының да өзіндік жөні бар. өмірінің мәні оның өлеуметтік жағдайларымен айқындалады. — белсеңді әрекет иесі. ол әлеуметтік жеделдетіп немесе тежеп, оған тура ықпал ете алады. тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын өмірінің мәнін, құндылығын айқындаушы — сол ң өзі. және ол жеке , қоғамнан тыс ұғым емес, ң мақсаттары мен қоғамды диалектикалық тұрғыдан біріктіретін ұғым.

4,5(30 оценок)
Ответ:
ruslanmorozko
ruslanmorozko
19.09.2022

Ақынның позициясы анық аңғарылып отыратын поэмада Шәкәрім екі жастың махаббатын қолдап, елдің ұрда-жық надандығына налып, күйінеді. Халықтың қарабайыр тобырлығы қыршын кеткен екі жастың өліміне себеп болады. Бұл тұстарда ақын тіптен шиыршық атып, буырқана жырлайды.

Объяснение:

«Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. Еңлік пен Кебек туралы хикаялар оқиға болған 18 ғасырдан бастап ел арасына кең тараған. Бүгінде жыр түрінде жеткен «Еңлік – Кебек» дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі – 1912 жылы Семейдегі «Жәрдем» ба жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкәрім жазған «Жолсыз жаза яки кез болған іс» деген шығарма да, екіншісі – Мағауия Абайұлы жазған «Еңлік – Кебек» дастаны. Шәкәрім нұсқасы 1988 жылы қайта жарық көрді.

«Бұл әңгіме - 1780 жылы шамасында осы Шыңғыс тауында Матай мен Тобықты арасында болған іс. Шариғатта әкесінің атастырғаны жас қызға неке есепті десе де, өзге дүниелік пайдасын ойламай, жалғыз ғана қызының қамын ойлап берер дегені. Әйтпесе «жас баланы сатып, пайдаланып, кем-кетікке беріп обалына қал» демейді. Мен соны ойлап, Еңлік-Кебекті соншалық жазалы демеймін»,- деп қара сөзбен бастаған Шәкәрім ақын.

Ақын поэмасы адам болмысының қыр-сырынан сыр шертуден басталып, кісі бойындағы достық, махаббат, ақыл-парасат жайлы толғайды. Толғай келе «Ақтабан шұбырынды» заманының кейпін айтып, тарихи оқиғалар мен елдің атажұртынан ауа көшуі, кейін хан Абылай заманында өз қоныстарына бытырай келіп қайта қоныстануы жайлы жырлайды. Онан соң Кебек батырдың ер мінезді, кішіні аялап, үлкенді сыйлайтын ақылды, парасатты ер екені, елі мен жері үшін жаудан жасқанбайтын азамат екені жырланады.

Бірде Кебек батыр аңға шығып, бұрқасын боранға тап болып, кеш бата адасып кетеді. Бұны жырлаған ақын:

«Бораннан байқай алмай барар бетті,

Түн ішінде адасып Кебек кетті.

Осы Хақан өзеннің аяғында

Қыстаған бір Матайға келіп жетті»,- дейді.

Осылайша Кебек батыр Еңлік сұлудың үйіне тап болады. Сол түнде бірін-бірі сынасқан тұста Кебек Еңліктің бақытсыз екенін, басы шарасыздан қортық еркекке байланғанын біледі. Ақын бұл тұстарды ерекше шеберлікпен суреттеп, қыздың ақыл-парасатын, сөз бен жүйеге жүйрік шешендігін дәлелдейді. Бір айтқан сөзге нана салу ер жігітке сын, сондықтан Кебекке де Еңлікті бірнеше рет сынатып, көңілінен шығарады. Бұл тұста ақындық шабыттың нағыз биік үлгісін көрсеткен Шәкәрім ақын екі жас ортасындағы нәзік махаббат, шарасыздық, екі ел ортасындағы бірлік, халықтың надандығы, тағдыр ісі жайлы айтқандарын өте жоғары шеберлікпен суреттеп, поэзияның тым биік, жоғары деңгейдегі үлгісін көрсетеді.

Осы кездесуден кейінгі кездерді де, ел ісінің ушығуын, Еңлік пен Кебектің кейінгі тағдырын жүрекке жетер шынайылықпен, суреткерлікпен жеткізе білген.

Ақынның позициясы анық аңғарылып отыратын поэмада Шәкәрім екі жастың махаббатын қолдап, елдің ұрда-жық надандығына налып, күйінеді. Халықтың қарабайыр тобырлығы қыршын кеткен екі жастың өліміне себеп болады. Бұл тұстарда ақын тіптен шиыршық атып, буырқана жырлайды.

Жалпы, «Еңлік-Кебек» поэмасы – қазақ поэзиясының біртуар тұлғасы Шәкәрім қаламынан туған кесек туынды.

4,8(42 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ