А жануарлар мен өсімдіктер туралы мәліметтерді, ғылыми фактілерді саралап келіп, оларды қорғау қажеттігі туралы тоқтамға келді. Кейбір өркениетті елдерде жануарларды, өсімдіктерді, ормандарды, өзен-көлдерді корғау туралы мемлекет деңгейінде құжаттар қабылдана бастады. Орыс патшасы I Петр Мәскеу маңындағы ормандар мен оның қойнауындағы табиғат байлықтарының бәрін «патша қазынасы» деп жариялап, жарлық шығарған. Тіптен, езен бойынан 3 км-ге дейінгі жердегі ағашты кескендерді қатаң жазалаған.
Мұндай көзқарастар кейіннен басқа да елдерде қолдау тауып, Еуропа, Ресей, Қытай, Үндістан, Жапония елдері табиғат қорғауға көп көңіл бөлген. Кейбір мемлекеттерде қорықтар, ұлттық саябақтар құрылған. Осындай шаралардың бірі — Халықаралық табиғатты және табиғи корларды қорғау одағы (ХТҚО) еді. Ол 1948 жылы құрылды. (ХТҚО 1990 жылдың желтоқсанынан бастап "Дүниежүзілік табиғат қорғау одағы деп аталады".) Мақсаты — дүние жүзіндегі сиреп немесе құрып бара жатқан аң мен құстарды және өсімдіктердің «Қызыл кітабын» ұйымдастыру болатын. Оған дейін халықаралық «Қара кітаптың» тізімі жасалды. «Қара кітапқа» жер бетінен біржола құрып кеткен аңдар мен құстар енгізілді.
Құсбегілік көңілді, әсерлі, қызығы мол демалыс болып табылады. Осынау киын да қызықты өнерге балалардың жас кезінен көзін қанықтырып, танымын шыңдап отырған. Аңшылық-саятшылық көшпелі өмір салтынын әрі күнкөрістік, әрі көңіл көтерерлік бір дәстүрі болумен бірге, әскери жаттығудың, шынығып-шыңдалудың да тамаша үлгісі болған.
Құсбегі - аңға, кұсқа салу мақсатымен бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи сияқты жыртқыш құстарды қолға үйрететін адам.
Құс салуға бірнеше кісі бірігіп шығады. Аң мен құстын мекеніне жетісімен қыран ұстаған құсбегі биіктеу жерге шығып тұрады. Қалғандары дабыл қағып, аңды таутастан, қорымнан үркітіп, үйрек-қазды судан ұшырады. Дабылдан сескеніп, бой көрсеткен аңға, көлден ұшқан кұска томағасын сыпырып қыран қосады. Қолға түскен аң-құсты аңшылар жолына, жасына қарай бөліп алады.
Қазақ арасында аңшылықтың кең тараған түрі - бүркітпен аң аулау. Елімізде бүркіт, көбінесе, Алтай, Тарбағатай, Алатау, Көкшетау таулары мен орман алқаптарында кездеседі.
Бүркітті қолға үйретіп, аңға салу үшін қажетті бұйымдар: томаға, тамақбау, балақбау, балдақ. Олардың әрқайсысының өз қызметі бар. Құсбегі аңға шыққанда бүркітті оң колына қондырып, білек бауларынан ұстап, балдақпен астынан тіреп, ат үстіне қонады. Сол қолымен ат тізгінін ұстап, аңды көргенде құстың томағасын тартады.
Объяснение: