Қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген.Әкенің орны ерекше де, шеше орны ерекше .Әке- отбасының тірегі, ал шешені әке де, балалар да сыйлайды. Мен Қостанай қаласында тұрамын. Мен физика-математикалық лицейде, 10-ыншы «Б» сыныпта оқимын. Отбасымызда үш адам бар. Олар: әкем, шешем және мен. Менің сіңілі(қарындас),інім, әпкем жоқ. Әкемнің аты-жөні –Самат Елтайұлы, ол басшы болып жұмыс істейді. Әкем 35-те. Ол орта бойлы, қара торы. Ол бауырмал, байсалды және жұмсақ мінезді. Шешемнің аты-жөні –Гүлжан Маратқызы , ол дәрігер. Шешем 35-те, ол орта бойлы, қара көзді, қара шашты. Шешем мейрімді және ақылды адам. Анам, әкем екеуі бір-бірін сыйлайды, бір-біріне сенеді. Мен өз отбасымды өте жақсы көремін және ата-анамды құрметтеймін. Біздің отбасымыз тату тұрады.
интернет деген не және ол не үшін қажет? бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында орналасқан желілер ғаламдық деп аталады. интернет- миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүниежүзіндегі ең үлкен және танымал желі.интернет сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді (international network). интернет- бұл дүниежүзіндегі компьютерлер мен серверлер жиынтығы, ал қол жеткізуге болатын ақпарат көлемі тіпті бағалаудың өзі қиынға түседі. интернет ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электрондық пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көптеген мүмкнідіктер ұсынады. интернет – миллиондаған компьютерді алып желілердің желісіне біріктіретін әлемдегі ең үлкен және ең белгілі желі.
Мемлекеттік ту ортасында 32 сәуле тараған күн бейнеленген, күннің астында қалықтаған дала қыраны бар көгілдір түсті тікбұрышты кездеме. ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. тудың енi ұзындығының жартысына тең: 1: 2 қазақстан pеспубликасының мемлекеттiк елтаңбасы — қазақстан республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.рәмiздiк тұрғыдан қр мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. ол — елтаңбаның жүрегi.шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. шаңырақ — күн шеңберi. айналған күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтыңсәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi.