Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арналып айтылған. Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.
Көшпелілердің, оның ішінде қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны – жылқы. Жылқы көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады.Оның азығы (жемі, шөбі) өзге малдан әлдеқайда асыл.Сол себепті де оның еті де,сүті де денсаулыққа шипалы екендігі ерте кезден – ақ белгілі. Жылқы бетегелі, көделі, селеулі, қауданды жерде жақсы өскен.Қазақ даласының батысында Мұғалжар тауынан басталып, Сарыарқаны қуалай отырып, аяғы Батыс Сібірге тірелетін кең өлкесінде жылқы малы көп өсірілген.
Қазақтың жылқымен қатар ұстаған малы – түйе.Қазақта «Түйелі бай қонады сортаңды алып» деп басталатын өлең бар.Бұлай деудің себебі, ертедегі түйелер байлар суы тұзды көлдердің, теңіздердің, өзендердің бойларына, өсімдігі ащы, сортаң жерлерге қонатын болған. Түйе-жүк көлігі.Көшпелілердің, солардың ішінде қазақтың, ғасырлар бойы көбінесе жүгін көтерген мал-түйе.Оның ішінде ең төзімдісі әрі мықтысы – жалғыз өркешті нар.қазақтың «Нар жолында жүк қалмайды»деуі содан.Түйе жолға да шыдамды.Оның жейтін ащыларының ішінде тұз да бар. Түйенің етін бұл түлікті бақпайтын ел ұнатпайды, ал бағытындары оған құмар.Түйенің түбіті мен шудасы қымбат саналады:түбіттен иіріп тоқыған киім ең жылы, ең төзімді болады;шудадан жіп, арқан еседі. Түйенің сүті де асыл. Одан ашытатын қышқылтым сусынды Батыс Қазақстанда «шұбат», Түркістан жағында «қымыран» деп атайды.Ғылымның дәлелдеуінше, шұбаттың дәрілік қасиеті қымыздан да артық саналады.
Қой да көшпелі елдердің ерте заманнан малданған түлігінің бірі.Ол әрі киім, әрі тамақ.Киім дегенде, оның жүнінен гөрі ертедегі көшпелі халыққа терісі қымбат болған. Өйткені қыс, күз айларында жылы киім керек.Оған илеген қой терісінен тігілген ішік, тон, тұлыптан жылы киім табылмайды. Ал жүнінен неше түрлі асыл жүн маталар тоқылады.Ол үшін биязы жүнді қойлар өсіріледі.Қазақ қойының жүні киіз басуға, кілем тоқуға, байпақ, пима дайындауға жұмсалады.Негізінен қойдың азықтық және киімдік пайдасы жылқы мен түйе түліктерінен артық.Онымен бірге қой малы көшіп-қону кезінде ұзақ жол жүрістеріне шыдамды болып келеді.Жеп-шөпті онша талғамайды.Тіпті өсімдігі ащылы болып келетін құм мен шөлде де қойдың теріп жейтін азығы көп. Ешкі де сондай.Қой мен ешкі көне заманнан бері бірге жайылып, бірге жусап келеді.Қойды отты-сулы жерлерге ешкінің серкесі бастайды. Ешкі мен қойдың сүтінен ұйытқан айран да, қайнатқан құрт пен ірімшік те қазақтың сүйікті асы. Ешкінің түбітінен ең жақсы шәлі тоқылады,оның қылшығынан есілген жіп пен арқан жылқы қылынан соң ең берігі саналады. «Ангор ешкісі» деп аталатын асыл тұқымды ешкілердің жүні өте құнды.
Мал шаруашылығындағы тағы бір түлік-сиыр.Ертедегі көшпелі қазақтар сиырды аз малданған.Өйткені сиыр малы қөшіп-қонудың талабына сай келмей, отырықшылыққа ауысқаннан кейін ғана көбейген... Сиыр малы айрықша бағуды тілемейді, өріске өзі кетіп,мезгілінде өзі қайтып келеді.Қыс айларында сиыр тек қорада ғана күтіледі.Сондықтан басқа малдарға қарағанда ол күтімді көбірек керек етеді.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір а үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. А алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.
Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!