Жер көлемі - 520 мың гектар. Саябақ аумағында туристерді қатты қызықтыратын бірегей табиғи құрылымдар және байырғы тарих ескерткіштері орналасқан. Шатқалдарында ежелгі адамдардың тасқа қашап салған суреттерін көруге болады. Қапшағай мемлекеттік аңшылық шаруашылығы негізінде 1996 жылы құрылды.
2.Әнші құм, Айғай құм - Іле өзенінің аңғарын бойлай орналасқан Үлкен Қалқан тауы және Кіші Қалқан тауы етегіндегі құмды төбе.
3.Шайтанкөл — Қарағанды облысы Қарқаралы қаласының оңтүстік-батысында 5 км жерде, Бұғылы тауының теңіз деңгейінен 1200 м биіктігінде орналасқан.
4.Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы — Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық.Ол 1926 ж. құрылған.
Ақын бұл жерде Баянды Абылай ханның сүйікті батыры, қалың жолға қаймықпай барар жолбарысы дей отырып, «сұңқардай, жолбарыстай, аш бөрідей» деген теңеулер арқылы ханның батырға деген ерекше ілтипатын көрсетеді.
Баянның ерлік қылықтары, іс-әрекеті баяндалады. Баян бұл жерде өзінің кінәсінан арылу үшін Ноян мен қалмақ қызын есіне алып, ауыр дерттен арылмақ болып, Абылайға келеді. Ордаға жақындағанда топ «Баяндап» қарсы алады. Бұл батырға көрсетілген ерекше құрмет.
Ақын бұл жерде қалмақ қызының сұмдығы мен жас Ноянның ақылсыздығын суреттей отырып, махаббат үшін елінен безген, Отанын сатқан, сатқындық пен жексұрындықты Ноян бойына жинақтайды.