1.Отырар кітапханасы — моңғол билігіне дейінгі Отырарда орналасқан ірі кітапхана. Фарабтағы (Отырар) кітапхананың негізін қалаушы ретінде ғалым әрі философ Әл-Фараби қарастырылады.(орыс.) XII ғасырдың соңындағы кітап жинақтардың қараушысы Сунақ руынан шыққан Хисамуддин делінеді. Кітапхана ауқымы жағынан тек Александрия кітапханасына жол береді.
2.Александрия кiтапханасы, Искандерия кітапханасы (көне грекше: Βιβλιοθήκη τῆς Ἀλεξάνδρειας) — б. з. б. 3 ғасырдың бас кезінде Александрияда (Мысыр) көрнекті ғалымдардың (Зенодот, Каллимах, Аристарх) қатысуымен Птоломей әулетінің алғашқы екі патшасы негізін қалаған, ертеден дүние жүзіне әйгілі Александрия музейінің жанындағы қолжазба кітаптар қоры.
3.незнаю
Тебя осталось сравнит
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.
Мектеп туралы диалог
- Аружан, осы екеуміз қанша уақыт көрші тұрып, бірге ойнап жүрсек те, сенің қай мектепте оқитынынды ешқашан сұрамаппын?
- Шынымен де, ойнап жүріп мән бермегенбіз ғой, сірә. Мен қаламыздағы № 8 қазақ гимназиясында білім аламын, ал сен ше, Асылай, қай мектепте оқисың?
- Мен үйіміздің қасындағы №21 орта мектепте оқимын. Гимназияда оқыған қиын емес пе? Қандай сабақ тереңдетіліп оқытылады?
- Жоқ, еш қиындығы жоқ, оқыған балаға, әрине. Тек сабақтарымыз орта мектеппен салыстырғанда сәл кешірек аяқталады. Біздің мектеп физика – математика бағыты бойынша тереңдетілген білім береді.
- Сонда аптасына неше рет физика немесе математика сабағы жүргізіледі?
- Күнделікті.
- Күнде математика оқыған қиын ғой... Біз екі рет оқығанда қиналып жүрсек...
- Жоқ, мүлдем қиын емес. Керісінше, өте қызықты. Себебі біз түрлі есептер шығарамыз, сабақты жоғарғы оқу орындарының оқытушылары жүргізеді, ал физикадан түрлі тәжірибелер өткіземіз.
- Мен ешқашан сенің мектебінде болып көрмеппін, іші үлкен бе?
- Ия, мектебіміз биыл күрделі жөндеуден өткізілген болатын. Кабинеттердің іші толықтай жөнделіп, заман талабына сай техникамен қамтылған. Айтпақшы, келер аптаның дүйсенбі күнінен бастап 6 күн бойы мектебімізде «ашық есік» күндері өткізіледі, сонда келіп көруіне болады. Сонымен қатар біздің мектепте білім алғысы келетін оқушылар үшін арнайы емтихан ұйымдастырылады.
-Жақсы, көрсем, көрейін. Рахмет.