М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
treezykilla
treezykilla
14.12.2022 16:13 •  Қазақ тiлi

Рассказ о верблюде на казахском языке

👇
Ответ:
churakova03
churakova03
14.12.2022

Түйе

Қазақ халқы – күнделікті тұрмысын малмен тығыз байланыстырған халық. Әсіресе түйе малын ерекше бағалаған.

Қазақтың жылқыдан кейін қадірлейтін малы – түйе. Көшіп-қону үшін жылқыдан да артық бағаланған. «Бақырауық демесең, бағалы көлік түйе ғой», «Нары бардың малы бар», «Тамырыңнан түйе сұра, қорыққаннан бие берер», «Көтерем деп түйеден безбе, салтанатың емес пе?» деген ескі мақалдардың өзі-ақ түйенің көшпелі тіршілікте аса құнды түлік болғанын анықтай түседі. Түйенің жүні мен терісі – киім, сүті – сусын, еті – ас. Әсіресе, түйе көш көлігі ретінде бағалы. Ол сиырдай емес, сирақты мал. Қыста суыққа, жазда ыстыққа төзімді, әсіресе шөлге, аштыққа шыдамды. Түйе алпыс күн аштыққа, отыз күн шөлге шыдайды. Осынша шыдамдылығына, қуаттылығына қарамастан, «шөк» десең, шөге қалатын, «айт-шу» десең, атып тұратын «тіл алғыш», жуас, қайырымды мал. Түйе түлігі негізінен жайылымда бағылып, күтімді, құнарлы азық пен құрылысы күрделі, жылы қора-жайды аса қажет етпейтіндіктен, басқа ауыл шаруашылық малдарымен салыстырғанда тиімді сала болып табылады. Түйе түлігі күй таңдамайды, басқа мал жемейтін қатты, тікенді өсімдіктермен қоректене береді. Түйе күндіз жайылып, түнде жатып, күйіс қайырады. Бірнеше тәулік су ішпеуге шыдайды. Бұл кезде өркеш майларынан бөлінген суды пайдаланады.

4,8(58 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
krasotkinaeliz
krasotkinaeliz
14.12.2022

1)Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов (12.12.1928 жылы туған, Қырғыз Республикасы Талас өңірі, Шекер ауылы - 10.06.2008 жылы) – жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері. Қырғызстанның халық жазушысы, Қырғызстан Ғылым Академиясының, Еуропа Ғылым Академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері.

2)Аспалы көпір», «Жәмила», «Алғашқы ұстаз», «Қош бол, Гүлсары», «Ертегіден соң», «Ерте қайтқан тырналар» тағы басқа әңгіме, повесть жинақтары, «Жанпида», «Боранды бекет» романдары жарық көрді. «Көктөбедегі кездесу» 

3)кыргызстан жазушысы

4,6(85 оценок)
Ответ:
anonimka2018oz5x7j
anonimka2018oz5x7j
14.12.2022

құстың аты-сұңқар

сұңқар тұқымдаста 11 тек пен 58 биологиялық түрі бар. Ең кішкентайы - ергежейлі сұңқар, дене тұрқы 15-19 см.Антарктидадан басқа жерлерде тундрадан тауға дейін (шөлді аймақтарда да) кең таралған. Қазақстанда 7 (ителгі, бөктергі, тұрымтай, жағалтай, лашын, ақтырнақ, бөктергі, күйкентай) түрі бар.Жұптасып тірлік етеді. Мекиені үш-төрт жұмыртқа табады. Көбіне тасқа ұялайды. Жұмыртқасын бір ай мөлшерінде басып, балапан шығарады. Балапаны бір жарым ай мөлшерінде ұядан ұшады. Сұңқарлар өз ауын (жемін) күндіз аулайды, ұшқан құстың көбіне қожа. Сұңқар өз жемін көбіне аспанда теуіп түсіреді. Кішігірім құстарды жерге жеткізбей, қайта оралып, іліп әкететін кездері де болады. Қонақтаған құстарды өздері үркітіп барып, теуіп түсіретін сәттері де жиі, Қоян сияқтыларды қашып бара жатқанда-ақ тебеді

4,7(62 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ