Қазақстанның шебер теннисшісі әрі жеке разряд бойынша ITF-тің бес турнирінің жеңімпазы Зарина WTA рейтингінің 3-ші тамыздағы жаңа көрсеткіші бойынша 32-ші орынға тұрақтаған.
Зарина Дияс теннисте өз шеберлігін дәлелдеп, Қазақстанның бірінші ракеткасы атағын иеленді. Ол өз шеберлігімен бір жыл ішінде 500 мың доллардан астам қаражат ұтқан. Жалпы алғанда өз мансабында спортшы 700 мың доллар табыс түсірді.
Объяснение:
Жансая Әбдімәлік – шахматтан еліміздің намысын абыроймен қорғап жүрген қазақ қызы. Ол небәрі он төрт жасында гроссмейстер атанған.
Гроссмейстер – шахматшылар арасындағы ең жоғарғы дәреже.
2012 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. 2011 жылы 20 жасқа дейінгілер санатында Азия чемпионатында екінші орынға тұрақтады.
2000 жылы 12 қаңтарда дүниеге келген Жансая өз жасына сәйкес қыз балалар арасында екі дүркін чемпион атанған.
3. Сұлтан Сармырзаев
Сұлтан Сармырзаев – бейбіт күннің батыры атанған қазақ сарбазы. Оның досын құтқарған ерлігі видеоға түсіп қалып, ел назарына іліккен болатын.
Қорғаныс министрлігі сарбазды "Жауынгерлік ерлігі үшін" мемлекеттік наградасымен марапаттады.
Еске салсақ, 2014 жылдың қыркүйек айында Қапшағайдағы 28079 әскери бөлімінің қызметкері Сұлтан Сармырзаев кезекті оқу-жаттығу кезінде батыл әрекет жасап, өзінің және қарулас досының өмірін сақтап қалған.
https://youtu.be/E1oelfQYI_I
Кезекті секіру кезінде екі жауынгердің парашюттері айқасып қалады. Ал секундына 100 метр жылдамдықпен құлап келе жатқан Сармырзаев жедел әрекет етіп, жерге 200 метр қалғанда қосалқы парашютін ашып, жерге аман қонады.
Айта кетерлігі, қосалқы парашют тек бір адамның салмағын көтере алады. Соған қарамастан, жігіт тәуекелге барып, досын да аман алып қалған.
Сұлтан 1994 жылдың 25 наурызында Шымкентте дүниеге келген.
Аудармасы.
Назар аударыңыз!
Барлық жас тілшілер мен жас журналистердің назарына!
«Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы қоғамдық бірлестігі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетімен бірлесе отырып, жас тілшілер мен жас журналистердің 2014 жылғы дәстүрлі «Бақытты жұлдыз астында: біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты байқауын өткізеді. Байқау 2014 жылғы 10 қаңтар мен 10 наурыз аралығында өткізіледі. Байқаудың қорытындылары мен марапаттаулары көктемгі демалыс кезінде 2014 жылдың 25-28 наурызында Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған БАҚ «Бақытты жұлдыз астында" халықаралық медиа-фестивалінде өтеді.