М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Анна200361
Анна200361
22.04.2022 09:44 •  Қазақ тiлi

Сондай ак кишкентай кызга анасынын " кошаканым,козым,куным, ботаканым"деп еркелеткени деерекше унайды марфалогиалык талдау

👇
Ответ:
alinaetosila2004
alinaetosila2004
22.04.2022
Сондай ак - көмекші соз кишкентай- сын есим кыз-зат есим га- барыс септігі ана -зат есим сы-тәуелдік жалгаудын 3жагы ның- илик септігі кошакан-зат есим ым- тауелдик жалгаудын 1 жагы козы-з. ес. м- тауелд жалг 1жагы кун-з.ес. ым-тәуелді жалг.1жагы ботакан-з.ес ым-тауелд жалг 1жагы деп-көмекші сөз ерке-сын есим ле-сын есимнен етистик тудыратын журнак т- жиктик жалгаудын 2жагы кен-есимше и-косемше ерекше-сын есим унайды-етистик
4,7(40 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
кар92
кар92
22.04.2022

Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. Дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем білді. Қазақстанның биік табысына қол жеткізген президенттік билік және осы жылдары оның басында үздіксіз болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке факторы екеніне де ешкім күмәндана алмайды.

         Осы уақытқа дейін қол жеткізілген барлық табыстар бір төбе болғанда, кешегі өркениеттің көшбасшысы атанып жүрген еуропалық елдердің аймақтық қауіпсіздікті сақтау үшін құрған ЕҚЫҰ-ға мүше болып табылатын барлық 56 мемлекеттің басшылары саммитінің Астанада өткізілгендігі жеке-дара бір төбе табыс болды. Оның қаншалықты маңызды екендігінің тереңіне кәрі тарих ғана бойлап, бағасын беретін болады. Бүгінгі күні біз оның маңызы мен терең сипатына қанша ұмтылсақ та бәрібір бойлай алмаймыз.

         16-желтоқсан – еліміздің егемендігін жариялаған күн. Сол күні көгімізде тәуелсізідік туы желбіреді. Содан бері 20 жылға таяу уақыт өтті. Осы өшпес жылдар белесінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамыды. Саясаттағы сындарлы бағыт өз жемісін беруде. Береке-бірліктің арқасында әлем таныған іргелі мемлкетке айналыдық.

Ғасырлар бойы арман еткен егемендікті қазақтың басына қонған бағы, астына орнаған тағы деуге болады. Қазақ елі талай белестерді бағындырды. Желтоқсанда жарқ еткен жалынды жастар қазаққа азаттық таңын сыйға тартқандай болды. Осылайша күллі жаһанға қазақтың қайратын, айбынын танытты.

Қазіргі тәуелсіз Қазақстан – ата – бабаның орындалған шұғылалы арманы, сарғайып күткен сағынышы. Тәуелсіздік таңын аңсаған ата-бабаларымыздың  асқақ арманы орындалды десек қателеспейміз. Сондықтан да тәуелсіздік тарихы арнайы әңгімеге үздіксіз тиек боларлықтай ұлы тақырып екендігін қазіргі ұрпақ ешқашан естен шығармауы керек. Тәуелсіздікке ынтымағы жарасқан, ауыз бірлігі берік халық қана қол жеткізе алатынын өткеніміз нақты дәлелдеп берді. Сондықтан о бастан-ақ рулар тайпаларға, тайпалар одақтарға, ал тайпалық одақтар елге, халыққа айналу үшін үздіксіз күресті, жан алысып, жан берісті. Өйткені халық болып қалыптаспай, тәуелсіздікті баянды түрде қолда ұстап тұру да мүмкін емес еді. Мұны бұрынғылар жақсы түсінді.    

Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін оның өз заңдары мен талаптары болуы қажет. Осы негізде ата заңымыз қабылданып, ата заңға сүйене отыра қоғамдық келеңсіздіктерді реттейтін, адам құқықтарын қорғайтын заң жобалары қабылдана бастады. Қабылданған заңдарды жүзеге асырушы сот билігі өз біліктіліктерін көрсете білді. Сонау тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазіргі сот саласының айырмашылығы жермен көктей. Техника мен өркениеттің дамыған заманына тұспа-тұс келген біздің егемендігіміз қарыштап дамуда. Алға қарай ілгерілеу мақсатында судьялар мен сот мамандырына қажетті жағдайлар жасалып, сот мәжілістерін өткізу заманауи техникамен жабдықталып өткізілуде. Әрбір сотқа қатысушы тараптар сот шешімдерін ғаламтор арқылы оқи алады. Қазіргі техниканың дамыған заманында заңды білмейтін азамат кемде-кем. Жылдан-жылға дамып, өркендеп келе жатқан біздей жас мемлекеттің алдағы жетістіктері өте мол деп нық сеніммен айтуға болады.

Қазірде елімізге тыныштық заман орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен айта аламыз. Артқа тастаған жиырма жылдың ішінде не атқардық деген сауал туса, тізбектеп сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бір мемлекетке жетерлік іс тындырылды және жүзеге асырылды. Экономикалық жағдайымыз жақсарып, әл-ауқатымыз артты. Қазақ мектептері мен балабақшалар саны артты. Білім мен денсаулық жағдайына аса мән берілді. өзге елдермен қарым-қатынасымыз жақсарып, саяси және мәдени қатынастар да үдей түсті. Елімізідің барлық саласындағы қызметкерлерге, шет елдің түрлі саладағы мамандарымен тәжірибе алмасуға жағдай жасалды. Осының бәрі тәуелсіз елдің мақтанышы деуге болады. Еліміздің туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық!

Тағы керек көмек болса айтыңыз♡

4,7(28 оценок)
Ответ:
blazer6
blazer6
22.04.2022

Ерте ерте ертеде бір арал болыпты. Ол аралды соқыр жас ханшайым  басқарады екен. Бірақ басқарады деген атақ, оның сыртынан өгей шешесі басқарды. Өгей шешесі өзіне қажеттісін алып жүре беріпті. Бір қызығы ол арал адамдарың өзіне өзіне сендіріп, басқаруды өзіне алу үшін заңды алып тастапты. Тек елдің сен ханшайымның анасы деген сөзіне еріп масаттанып жүре беріпті.        Аралда заң болмағандықтан ұрлық, тонау, зорлық-зомбылық көп болды. Аралдың байлары ақша арқылы ойларына келгеннің істеп жүрді.      

  Ханшайым жастайыннан соқыр қалған, өте жас, әдемі, ақылды қыз екен. Бірақ ханшайым өзін ылғи зұлым адам  секілді ұстады. Оны бәрі сырттай соқыр мыстан деп айтып жүрді. Осының бәрін білген құдай аспаннаң періштені түсіреді. Періште адам секілді  болды, өте сымбатты еді. Періштеге аралды қалпына келтіру туралы тапсырма беріледі. Періште жұмысқа кіріспес бұрын ханшайымның көз жанарын қайтаруды ойлайды.  Осылайша ханшайымның көз жанары бір түн ішінде қайтарылады. Періште әрі қарай тапсырманы орындауға көшеді.  Ханшайымның қасына көмекші болып алды. Ханшайым оған шың сенді. Енді періште адамдар алдындағы зұлымдықты тоқтату үшін ханшайымға басқарушылықты қайтып беру керектігін түсінді. Бірақ оның өгей шешсі оны бергісі келмеді. Ол ханшайымды жас , ол басқара алмайды деп бай шенеуліктерді өзіне тартты. Бұған уйренген байлар ханшайым келсе бұрынғы заңдардың қайтып келетінің біліп ханшайымның өгей шешесін жақтайды. Періште не істерін білмей адамдарға аралдың қаншалықты нашарлап кетткеннің, халықтың жағдайын айтып барынша ханшайымға түсіндіреді. Ханшайым шарасыз еді. Ол оны халық соқыр мыстан деп айтатының білетін. Періште кедей халықтарды жинап, оларға қандай жағдайда екенін айтып, басқарушыны өзгерту керектігін айтады.  Халық көтерліске шыққалы жатқаның білген ханшайымның өгей шешесі : қалағандарын заң ба? Мен заңды қайтарайын, бірақ ханшайым басқарушы бола алмайды ғой, ол әлі жас дейді. Сөйтіп заңды қайтарады. Періште бүкіл халықтың алдына шығып: тағы бір заң енгізсеніз дейді.

Өгей шешесі: ия қосайын. қандай заң.

Періште: сайлау-дейді.

Өгей шешесі: (Бұл сөздің мағынасын түсінбей жазтып), қосам деді.

Осылайша халық сайлауда ханшайымды таңдап, тату өмір сүріпті.

Объяснение:

4,4(77 оценок)

MOGZ ответил

Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ