Сандық технология – табысты болашақтың кілті. Жаңа технологияға бай мемлекет дүниежүзі бойынша көш бастап тұрады. Қазақстан осы санаттағы 30 озық елдің қатарына қосылуына мүмкіндік алды. Бұл бастаманы ұзақ жылдар бойы Еуропада жұмыс істеп, ақылды қала жобасын дамытуда француз компаниясында табысты қызмет атқарған маман Айжамал Сартбаева да қолдайды. Ол инновациялық технологияларды қолданысқа енгізуде көп жетістікке жеткен. Оған Астана қаласының дамуына арналған 3D моделін құру бойынша ірі жобаға қатысып, жоғары нәтиже көрсеткені дәлел. Маман сандық технологияны күнделікті қолданысқа енгізу, өмір сүру сапасын жақсартады, дейді. Сондай-ақ, ол өз сөзінде Елбасының жолдауында да осы пікірге басымдық берілгенін атап өтті.
Ілік с. жейденің, теректің, үйеңкінің, шыршаның
Барыс с. жейдеге, терекке, үйеңкіге, шыршаға
Табыс с. жейдені, теректі, үйеңкіні, шыршаны
Жатыс с. жейдеде, теректе, үйеңкіде, шыршада
Шығыс с. жейдеден, теректен, үйеңкіден, шыршадан
Көмектес с. жейдемен, терекпен, үйеңкімен, шыршамен