Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 73 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.
Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні– абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді.
Отырар (Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб) – ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысыОтырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут “Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. 10 ғ. жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал Фараб Кедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. 10 ғ-дан кейін Кедер тарихи және географиялық жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген. Отырар 5 – 15 ғ-ларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.
Қарағанды
Авторы Иса Байзақов
Қайнаған қалың байлық Қарағанды,
Маңына жайып отыр миллион жанды
Байқасаң Қара алтынды кенін көріп,
Маңызы табысының өте мәнді.
Күн сайын мың сан тонна көмір беріп
Үйілген маяланып кені өніп.
Асыл кен, алтын, күміс, рудалар
Көмірдің қызуымен балқиды еріп.
Қорғасын, мыс пенен жез, асыл болат,
Көмірмен қайнағанда май боп ағад,
Машина, паровоздың қазандары
Күшімен қара алтынның пайдаланад.
Ендеше Қарағанды ұлы табыс,
Күшейсін өндірісі аяқ алыс.
Нормасын мезгілінде толтырмаса,
Екпінге ермегендік үлкен намыс.
Басшы бол маңайыңа екпінділер,
Жалқауды сынға түсір, жазасын бер,
Араңда прогульщик, жалқау болса -
Талқылап түзелуге жөн сілтеңдер!
Қарағанды.
Авторы Қасым Аманжолов
Бір жер бар Қазақстан даласында,
Құрбыжан, апарайын, барасың ба?
Арқаға Алатаудан ақиықтай
Бір ұшсам, болат топшым, таласың ба!
Ол жердің тоңы алтын, түгі торқа,
Қанша алсаң, қазынасы түспес орта.
Өшпейтін өміріңе от береді
Жігіті Қарағанды, салсаң қолқа.
Қарашы Қарағанды күмбезіне,
Бойлаған мұнарасы күн көзіне.
Құрбыжан, қасиетті ол бір қазына,
Қуантып, тартпас, сірә, кімді өзіне?!
Менің Қарағандым
Авторы Мерей Жарқымбекова
Қарағанды әсем, үлкен қаласың,
Байлығымен аты шыққан дарасың.
Сарыарқада орналасқан қаласың,
Әсемденіп күннен-күнге барасың.
Бұл жақта көп өндіреді көмірді.
Қуантады жылулықпен өңірді.
Мәдениеті дамыған қаламыздың.
Елімізге мәлім болған дарамыз-біз.
Спорттан да қалыспаған менің қалам,
Жүлделі орындармен есте қалған.
Ата-баба өсиетін қадірлеген,
Басқа елге ерсі қылық танытпаған.