Күлтегін жырының кейіпкерлері: Күлтегін батыр,Білге,Елтеріс,Бумын,Қапаған қағандар.
"Күлтегін" жырының басты идеясы:түркі халқын ауызбірлікке, сыртқы жауға қарсы ұйымдасқан күреске, ежелгі ата-баба жолы мен салт-дәстүрін берік ұстауға үндеу болып табылады.
Тақырыбы:
"Күлтегін" (кіші жазу) жыры әрқайсысы өз алдына дербес әрі сюжеттік жағынан бір-бірімен тығыз байланысты сегіз топтамадан тұрады.Әрбір топтама – мазмұны жағынан бір-бір хикая.Оның бірінші топтамасы – қағанның өз халқына айтқан үндеуі; екіншісі Түрік қағандығы жерінің кеңдігін суреттейді; үшіншісі түркілердің әскери жорықтарын жыр етеді; төртіншісі көршілес табғаш халқының қастандық әрекеттері туралы әңгіме; бесіншісі табғаштармен қарым-қатынас түркілерге ажал қатерін төндіретіні жайында; алтыншысы түркі халқының көреген емес екені туралы; жетіншісі түркі халқының даңқын көкке көтерген Білге қаған жөнінде; сегізінші топтама осы ескерткіш-жырды жазуға себеп болған жайттарды баяндауға арналған.
"Қыз Жібек" жырының "Күлтегін" жырынан ерекшелігі:"Қыз Жібек" жыры - лиро-эпостық жыр.Онда сол замандағы әлеуметтік теңсіздік,жастардың бас бостандығы,қос ғашықтың махаббаты баян етілген.Ал "Күлтегін" жырында негізінен батырлардың ерлігі жазылған.
Это на казакском).Менде бос кез болганда мен фудбол сосын баскетбол ойнаймын.Кибыр кезде мектепке барамында кыжырып журем.