Ана тіліміздің тағдыры ұлтымыздың тарихына ұқсайды деп ойлайсыңдар ма? Ұлт тарихы мен тіл тағдыры ұқсас деп айта алмаймын. Себебі, ұлт тарихына сырттан әсер етуші себептер болады. Ал, тіл тағдыры, әрбір ұлт өкілінің өзіне тікелей байланысты. Ана тіліңді ардақтасаң саған ешкім кедергі бола алмайды. Мысалы: шетелдегі қандастарымыз арада ғасырға жуық уақыт өтседе ана тілін ұрпақтан ұрпаққа өзгеріссіз жеткізген, сонымен қатар тұрған елдерінің тілдеріне де құрметпен қарап, өз ана тілінен кем игермеген.
Менің отбасым. Біздің отбасы- үлкен отбасы болып саналады. Отбасымыз он төрт адамнан тұрады. Ең сыйлы орын төрде атам мен әжем отырады. Онан соң анам мен әкем орналасады. Қалғандарымыз жасымызға қарай отырамыз. Отбасымыздағы әрбір күн біз үшін мереке. Үлкенді сыйлау, адамдармен сыйласу, үлкенге қызмет көрсету, кішіге көмектесу біздің отбасында сөзбен емес, әрдәйім іс жүзіндегі, күнделікті өміріміздегі қалыпты жағдай. Мен өз отбасымды мақтаныш етемін. Қазір біздің отбасындай үлкен отбасы кездесе бермейді.
Ас адамның арқауы. Өте орынды айтылған сөз. Егер адам аш болса оның әлі де, көңіл күйі де, ешбір іске зауқы да болмас еді. Ал, әрдайым көңілсіз жүрген адамның жүйкесі жұқаратыны белгілі. Күші тіпті болмай, әлсірейді. Осылай денсаулығынан да айрылады. Сондықтан, уақытылы, құнарлы тағамдармен тамақтанып, ас адамның арқауы екендігін есте ұстаған абзал.
жул-дыз-ша, жулдыз-ша, жул-дызша.
ше-бер-ха-на, шебер-хана, шеберха-на