ответ:1.”Экспо -2017 “көрмесі туралы не білесіңдер?
ЭКСПО-2017 - 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында Қазақстанның астанасы (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласында өткен Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) қамқорлығымен халықаралық мамандандырылған көрме. Көрменің тақырыбы - «Болашақтың энергиясы». ЭКСПО-2017 көрмесіне 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысты. Көрмеге 4 миллионға жуық адам қатысты, оның жарты миллионы басқа елдерден келді.
2.Оның еліміз үшің тигізген пайдасы не деп ойлайсыңдар?
1) имиджді нығайту
2) технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
3) капитал ағындары
4) шетелдіктермен келісімшарттар
3.Болашақтың энергиясы дегенді қалай түсінесіңдер?
Бұл энергия болашақта болады деп айтқым келеді (бірнеше жылдан кейін, онжылдықта, ғасырларда). Оның уақыт өте келе жақсаратындығы.
Объяснение:
вот про лайкате
Шұғаның белгісі» - қазақ прозасының шоқтығы биік туындыларының бірі. Бейімбет Майлин – "қазақ әңгіме жанрының атасы" деуге болады.
«Повестегі бас кейіпкер – Шұғаның бейнесі әртүрлі іс-әрекеттің даму барысында айқындалады. Кейіпкер арқылы тағдырына ата-анасын да емес, бауырларын да емес, өзін қоршаған әлеуметті де емес, тек қана ата салтын кінәлап, шарасыздыққа, өлімге барып тірелген қыз тағдырының өкініші, арманы көрсетіледі. Суреткер қайғылы Шұғаға бейтарап қарамайды, оған аяушылық сезім білдіреді. Қиянат көрген, өмірден түңілген қаһарманына жаны ашиды. Ал басқа кейіпкерлерге пайда болған тұсында мінездеме беріп кетеді», – дейді ұстаз Әбубәкірова.
Әңгімеде келтірілгендей Шұға образы былайша суреттеледі: «Ажары қандай болса, ақылы да сондай. Жеңілдік дегеннің не екенін білген бала емес. Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, біртүрлі паң еді-ау, шіркін... Бұл күнде ондай қыз қайда. Ажары тәуірлеу біреу болса, соны көтере алмайды ма, білмейсің, ешкіге құсап шошаңдап жүргені. Заман бұзылған ғой... Ия... Осы күнгілердің бір тапқаны, қызды оқыту керек дейді. Сол Шұғалар хатты зорға танушы еді. Сонда да осы күнгінің оқыған он қызына бергісіз еді. Айнала айтқанда, Құдай сана берсін десейші...»
Белгілі ғалым, қытайтанушы ақын Дүкен Мәсімханұлының сөзімен айтқанда қазақтың көркем прозасы әлі қалыптасып үлгермеген уақытта, жаңа, еуропалық үлгідегі проза жанрын салған жерден мұндай үлкен көркемдік деңгейде көрсету тек Бейімбет сынды хас таланттың ғана қолынан келеді.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/okushyilarga/uy_tapsyirmasyi/22577/
Түбір. Негізгі түбір. Туынды түбір.
Түбір – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, лексикалық мағынасын сақтаған негізгі бөлігі.
Негізгі түбір (негіз) - непроизводный корень – сөздің өзекті, мағыналы бөлігі. Негіз түбір арқылы жасалады, белгілі бір сөз табының құрамына еніп, оның барлық тұлғалық категориясын қабылдайды.
Туынды түбір – производный корень - белгілі бір жұрнақтар арқылы негізгі түбірлерден өніп өрбіген сөздерді айтамыз.Мысалы: Бұр, күй, біл, би, бас, аз, қыс сияқты түбір сөздерге –ғы, -ім, -мақ, -тық, -ай, -қаш жұрнақтарын жалғау арқылы бұрғы, білім, күйші, бастық, қысқаш тәрізді туынды түбір жасауға болады.
Туынды түбір сөздер қазақ, орыс тілдерінде кең қолданылады. Туынды түбір негіз сөзден сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалып, туынды лексикалық мағынаны білдіреді: өнер-паз, өн-ім, бал-гер, сән-қой, сан-а, жас-ар, тау-лы, же-м, оқу-шы, бала-лы, орын-дық, сыр-мақ т.б. Туынды түбір екі морфемадан құралады, олар: негіз сөз және сөзжасамдық жұрнақ. Туынды түбірдің лексикалық мағынасы негіз сөздің мағынасынан жасалады, сондықтан негіз сөз бен туынды түбірдің лексикалық мағынасы байланысты болады. Мысалы,ас – асхана, әсем – әсемпаз, өнер – өнерлі, қол – қолда(у), жаз – жазғы, біл – гір, мәсі – мәсішең, бұр – бұрғы, күре – күрек, аш – ашқыш т.б.
Туынды түбірлер тілдің сөздік қорын байытады.
Туынды сөздер мен туынды түбір бір емес. Туынды түбір тек жұрнақтар арқылы негізгі түбірден туған сөздер ғана болса, ал туынды сөз тек түбір сөзден ғана жасалады, сонымен бірге туынды түбірдің өздерінен де өрби береді. Мысалы: біл,білім,білімпаз, білгіш деген сөздер. Сөйтіп негізгі түбірге бір жұрнақ жалғанып, туынды түбір жасауға оның үстіне тағы да жұрнақ жалғап, туынды сөз тудыруға, одан әрі де келесі жұрнақты жалғап өрбіте беруге болады.Мысалы: өн – өнген, өнбе,өнбес ,өндірген, өнгіз, өнгізер, өндір, өнім,өндіріс,өнімпаз т.б. Мұндай сөздер бір-бірімен түбірлес сөздер деп аталады.