Менің арманымдағы болашақтың киіз үйі.
Менің арманымдағы үй қандай болу керек? деген сұраққа жауап берер болсам, мен көп қабатты үй емес, киіз үйде тұрғанды армандаймын. Себебі, ауласы кең, далаға қашан шыққың келсе, өз еркіңде, онымен қоса, көкөніс пен жеміс – жидектер өсіріп, піскен кезде еңбегіңнің жемісін көресің. Оған қоса, мен көп бөлмелі үйде тұрғанды қалаймын. Әрбір жатын бөлменің өз жуынатын бөлмесі мен дәретханасы болғанын қалар едім, отбасымыз үлкен болғандықтан, бұл өте қолайлы болушы еді, әсіресе, таңғы уақытта барлығымыз сабақ пен жұмысқа дайындалған кезде. Әрине, киіз үйдің іші соңғы жөндеуден өткізіліп, тұрмысқа қажетті жаңа жиһаз бен ас үйге қажетті тұрмыстық техникамен жабдықталса, нұр үстіне нұр болар еді. Қазіргі технканың дамыған заманында осынау заманауи құралдар адам өмірін жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар, ең маңызды құндылық – бос уақытты көбейтеді. Сонымен менің арманымдағы киіз үй толығымен жабдықталды делік, енді аулада балаларға арналған қауіпсіз ойын алаңы болса, менде басқа арман болмаушы еді. Сабақтан келіп, үй тапсырмасын орындап, аулада армансыз ойнаушы едім. Ал демалыс күндері отбасыма көмектесіп, бақшада жұмыс жасаушы едім.
Ал сіздің арманыңыздағы үй қандай?
Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.
Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.