Менің сүйікті қалам
Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.
"Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" жырындағы кейіпкерлерге мінездеме:
Қозы — бастапқы кейіпкер . Ол алдынан шыққан қиыншылықтарға қарамастан, өз сезіміне берік болып, шынайы махаббаттың бар екендігін дәлелдейді.
Баян — ақылына көркі сай Баян сүйгеніне ешкімді ауыстырмайтын, өзінің антына берік, өз сезімі үшін күресе білетін жағымды кейіпкердің бірі.
Қодар — Қозы мен Баянның арасына түскен жағымсыз образдың бірі .Махаббат оқиғасында әрқашанда екі ғашықтың арасына түсетін жағымсыз кейіпкер.
Сарыбай — Қозының әкесі. Ол өте батыл, ақылды, қайсар адам.
Қарабай — бүкіл зұлымдықтың иесі, ол жырдың өң бойында қара ниетті, сараң, ойлайтыны тек бас пайдасы, есіл-дерті тоқсан мың жылқысы. «Қарабай» деген есімі оны толық мінездеп, әрі бағалап тұр: қарау, пасық, арам жан деген мағыналарды береді. Қарабайдың мінез-құлқы, пиғылы, іс-әрекеті мұны толық дәлелдейді.
Айбас — жырдағы өте ұнамды кейіпкердің бірі .Қозы Көрпеш ержеткенде Баян сұлудың бірінші рет барып көргені Қозының ағасы Айбас.