М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Bossak
Bossak
21.01.2022 15:51 •  Қазақ тiлi

Торт тулик малга байланысты шыгарма

👇
Ответ:
milyukovnikita
milyukovnikita
21.01.2022
Оқып ішінен керегін терип жазарсыз.Төрт түлік – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арналып айтылған. Мысалы, “Байбөрі деген бар екен, Байбөрі малға бай екен, Төрт түлігі сай екен...” (“Алпамыс батыр” жырынан). Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара,қамбар ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.Көшпелілердің, оның ішінде қазақтың төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп, пір тұтатыны – жылқы. Жылқы көшіп-қонуға төзімді әрі ыңғайлы, қысы-жазы жем-шөп тілемей жайылады.Оның азығы (жемі, шөбі) өзге малдан әлдеқайда асыл.Сол себепті де оның еті де,сүті де денсаулыққа шипалы екендігі ерте кезден – ақ белгілі. Жылқы бетегелі, көделі, селеулі, қауданды жерде жақсы өскен.Қазақ даласының батысында Мұғалжар тауынан басталып, Сарыарқаны қуалай отырып, аяғы Батыс Сібірге тірелетін кең өлкесінде жылқы малы көп өсірілген. Қазақтың жылқымен қатар ұстаған малы – түйе.Қазақта «Түйелі бай қонады сортаңды алып» деп басталатын өлең бар.Бұлай деудің себебі, ертедегі түйелер байлар суы тұзды көлдердің, теңіздердің, өзендердің бойларына, өсімдігі ащы, сортаң жерлерге қонатын болған. Түйе-жүк көлігі.Көшпелілердің, солардың ішінде қазақтың, ғасырлар бойы көбінесе жүгін көтерген мал-түйе.Оның ішінде ең төзімдісі әрі мықтысы – жалғыз өркешті нар.қазақтың «Нар жолында жүк қалмайды»деуі содан.Түйе жолға да шыдамды.Оның жейтін ащыларының ішінде тұз да бар. Түйенің етін бұл түлікті бақпайтын ел ұнатпайды, ал бағытындары оған құмар.Түйенің түбіті мен шудасы қымбат саналады:түбіттен иіріп тоқыған киім ең жылы, ең төзімді болады;шудадан жіп, арқан еседі. Түйенің сүті де асыл. Одан ашытатын қышқылтым сусынды Батыс Қазақстанда «шұбат», Түркістан жағында «қымыран» деп атайды.Ғылымның дәлелдеуінше, шұбаттың дәрілік қасиеті қымыздан да артық саналады. Қой да көшпелі елдердің ерте заманнан малданған түлігінің бірі.Ол әрі киім, әрі тамақ.Киім дегенде, оның жүнінен гөрі ертедегі көшпелі халыққа терісі қымбат болған. Өйткені қыс, күз айларында жылы киім керек.Оған илеген қой терісінен тігілген ішік, тон, тұлыптан жылы киім табылмайды.Қазіргі кездегі «дубленка»аталатын сәнді тон да осы қой терісінен жасалады. Ал жүнінен неше түрлі асыл жүн маталар тоқылады.Ол үшін биязы жүнді қойлар өсіріледі.Қазақ қойының жүні киіз басуға, кілем тоқуға, байпақ, пима дайындауға жұмсалады.Негізінен қойдың азықтық және киімдік пайдасы жылқы мен түйе түліктерінен артық.Онымен бірге қой малы көшіп-қону кезінде ұзақ жол жүрістеріне шыдамды болып келеді.Жеп-шөпті онша талғамайды.Тіпті өсімдігі ащылы болып келетін құм мен шөлде де қойдың теріп жейтін азығы көп. Ешкі де сондай.Қой мен ешкі көне заманнан бері бірге жайылып, бірге жусап келеді.Қойды отты-сулы жерлерге ешкінің серкесі бастайды. Ешкі мен қойдың сүтінен ұйытқан айран да, қайнатқан құрт пен ірімшік те қазақтың сүйікті асы. Ешкінің түбітінен ең жақсы шәлі тоқылады,оның қылшығынан есілген жіп пен арқан жылқы қылынан соң ең берігі саналады. «Ангор ешкісі» деп аталатын асыл тұқымды ешкілердің жүні өте құнды. Мал шаруашылығындағы тағы бір түлік-сиыр.Ертедегі көшпелі қазақтар сиырды аз малданған.Өйткені сиыр малы қөшіп-қонудың талабына сай келмей, отырықшылыққа ауысқаннан кейін ғана көбейген... Сиыр малы айрықша бағуды тілемейді, өріске өзі кетіп,мезгілінде өзі қайтып келеді.Қыс айларында сиыр тек қорада ғана күтіледі.Сондықтан басқа малдарға қарағанда ол күтімді көбірек керек етеді. 
4,8(54 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
натик65
натик65
21.01.2022

1. Интернет қызметі дегеніміз - әлемнің түкпір түкпіріндегі адамдар мен мәліметтерді байланыстыратын желі.

2. Соңғы жылдары Интернет өмірімізге мықтап енгені сонша, қазір онсыз өмірімізді елестету мүмкін емес. Коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу, балабақша ақысын төлеу, білім беру қызметтері, пойыз/ұшақ/автобус билеттерін сатып алу, концерт, көрме, бізден мыңдаған шақырым жерде орналасқан көрікті жерлерге виртуалды экскурсиялар ... Бұл тізімді ұзақ жалғастыра беруге болады. Ғаламтор өміріміздің барлық саласына еніп, бізді өзіне тәуелді етті десек те болады. Интернет арқылы кәсіпорындар тауарларын жарнамалайды, дәрігерлер әріптестерімен, оқытушылар мұғалімдермен онлайн-консультациялар ұйымдастырып, вебинарлар өткізеді. Тіпті БАҚ өз сайттарын құрып, сол жерде жаңалықтар жариялайды. Әрине, ғаламтордың арқасында сіз тек қоңырау шалып қана қоймай, сонымен бірге ғаламшардың басқа жағындағы туыстарыңыз бен достарыңызды көре аласыз, оларға жеделхат немесе бейне құттықтаулар жібере аласыз, қашықтан оқып, білім аласыз ...

3. Интернет желісіне қосылу үшін модем қажет.

4. Электронды пошта дегеніміз - ғаламтор беттеріндегі қызмет түрі. Электронды пошта арқылы достар мен туыстармен хат немесе түрлі бейне файлдар алмасып, хабарласып тұруға болады.

5. WWW дегеніміз ағылшын тілінде World Wide Web — компьютердегі мәліметтер мен құжаттарды, мультимедиа элементі бар гипермәтінді жүйелерді байланыстыратын ғаламдық тор.

4,7(45 оценок)
Ответ:
ЛСПоля
ЛСПоля
21.01.2022

1. адам қоғамындағы тілдің рөлі (қолданысы, міндеті)

2. Қайсы-бір кептік құрамындағы бірліктердің өзге көптіктерге жататын бірліктерге детерминацияланған сәйкестігі (немесе тәуелділігі); екінші мағсы тіл бірліктеріне (мысалы, Мен ту бірлер) қатысты түсініктер үшін жиірек қолданылады. Тіл қызметі тілдің негізгі мәні, қоғамдағы міндеттері мен атқаратын жұмысы, табиғаты сиякты күрделі ұғымдарды камтиды. Бұлар сонымен тар оның жаратылысының ең маңызды қасиеттері болып саналады. Тіл негізінен екі түрлі маңызды қызмет атқарады. Біріншісі коммуникативтік және екіншісі когнитивтік, танымдық, гносеологиялық (кейде оны экспрессивтік қызмет деп атайды, яғни сананың жұмысын жүзеге асыру қызметі). Тілге эмоциялық қызмет (адамның көңіл-күй, әсерлерін, сезімдерін жеткізу) жүктелінген. Тілдің метатілдік (металингвистикалық) тілді терминдерімен сипаттау құралы қызметін орындау. Тілді пайдалану кезінде оның негізгі қызметтері бір-бірімен шартты байланыста болады, бірақ сөйлеудің кейбір жеке үлгілерімен мәтіндерде әртүрлі дәрежеде көрініс табады. Коммуникативтік қызметке байланыс орнату (фатикалық), конативтік (меңгеру), волюнтативтік (ықпал ету) және ұлттық танымды, мәдени дәстүрді, тарихты сақтау және тағы басқа қызметтер жатады. Конативтік қызмет аясында таныммен тарихи қоғамдық тәжірибе, жинақталған білімдерді меңгеру, бағалау

4,6(7 оценок)
Это интересно:
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ