Әлеуметтік желіде де ұлттық нақышта безендірілген, заманауи үлгідегі киімдердің жоқтығы қызу талқыға түсіп жүр. Желі қолданушылар арасында әйелдердің жасына лайық киім киюі – өзгелерге үлгі, өзіне деген құрметті білдіреді дейді.Кейбір шет мемлекеттерден әкелінетін киімдердің бағасы тиімді болғанмен, көңілге қонымсыз. Ал сәнді киім тіктіру қалтаны қағады.
Амалдың жоқтығынан қыз-келіншектер күнделікті киюге қолайлы, заманауи үлгідегі ұлттық киімдерді тиімді бағаға іздеп, дүкен-базар аралап, аяғынан таусылады. Ұнаған ұлттық үлгідегі киімді алайын десе қымбат. Сатушының уәжімен айтсақ, "қолдан жасалған бұйымның бағасы соған лайық". Талғамы мен қалтасындағы теңгесі үйлесім таппаған соң, барымен базарлайды.