М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
kate823
kate823
05.11.2022 02:03 •  Қазақ тiлi

Всем! нужен перевод текста на язык. заранее большое ! осы мақсатпен сұлтанмахмұт 1912 жылы троицк қаласына барады. онда ахун рахманқұли деген татардың медресесіне түседі. бірақ сұлтанмахмұт мұнда ұзақ оқи алмайды. тұрарға үй таппай, әрі қаражаты болмай көп қиыншылық көрген сұлтанмахмұт ауруға шалдығады. қатты жүдеп-жадайды. соның салдарынан медреседе қыс бойы ғана оқып, жазғытұрым троицк маңындағы бір ауылға оқытуға кетеді. ондағы ойы – оқыта жүріп, денсаулығын көтеріп, қаражат жинап алып, қайта оқу іздеу болады. мектептен бос кезінде ол өзі ізденіп оқиды, өлеңдер жазады. сұлтанмахмұттың бұл кезде жазған өлеңдерінен оқу-білімге деген құмарлық айқын байқалады. жас ақын өз талабын бүкіл ел қажеті, халық мүддесі тұрғысынан түсіндіреді. халықтың қараңғылықтағы күйден шығуы үшін өнер-білімнің қажет екенін айтар ағартушылық идеяға көтеріледі. өзінің бұл тақырыптағы алғашқы өлеңдерін сұлтанмахмұт қазақ жастарына арнайды. «оқып жүрген жастарға» өлеңінде ол лирикалық кейіпкер атынан сөйлеп, оның оқуға деген ынтасы мен келешекке сенімін бейнелейді. өлеңде ынталы жас ұрпақтың өнер-білім игерсек, өмірден керегімізді аламыз деген сенімі айқын берілген. сұлтанмахмұт оқудың мақсатын халыққа пайдалы қызмет ету міндетімен байланыстырады. «талиптерге» (шәкірттерге) атты өлеңінде ол замандастарына: «ұйқы басқан миллатынды көр, соларды оят, ілгері баста, ол үшін өнер-білім үйрен» деп ашық үгіт айтады. осы идеяны ақын «оқуда мақсат не? » деген өлеңінде тереңдетіп, оқудың мақсаты – молда болып, ескілікті бағу емес, әкім болып, шен тағу да емес, өнер табу, халыққа пайдалы іс істеу деп түсіндіріледі. өлеңде сондай жолды қуушыларды кекете сынау сарыны бар. «жемтік көрсе тістей қататын» молданың арам мінезі мен «тілмаш боп, жем табуға» ұмтылушыларды ол жек көреді. «қандай» 1912 жылы жазылған өлеңінде сұлтанмахмұт қазақ халқының мәдениетке ұмтылмай, ұйқыда жатқанын шендестіре жырлайды. ағын су мен ақпайтын судың бірдей еместігі сияқты, бір орнында тұрған мен жүргеннің де айырмасы бар, тұрмалық, алға басалық дейді. мұнда да діни оқу мен орыс оқуын қарсыластыру бар. қазақ халқының түбіне жеткен ескі оқуға ақын айрықша шүйлігеді. сұлтанмахмұттың ағартушылық өлеңдерінің бас қаһарманы көбіне өзі («ендігі бет алыс», «туған еліме» т. енді бірде зор үмітпен жоқ іздеген жастар болып отырады. («оқып жүрген жастарға», «талаптыларға»). халықты батыс мәдениетіне жеткізуші де солар болуға тиіс. жүре-келе «шығамын тірі болсам» (1913), «шәкірт ойы» (1917) деген өлеңдерінде ол өнер-білім идеясын үлкен романтикаға айналдырады. ол кезде ақын оқу-білімді халықты надандық пен құлдықтан құтқарудың бірден-бір жолы деп түсінген, бұл идея мен тақырыпты шын жүректен толғанып жырлаған. өлеңдерінің іші толған өмір тынысы, халық талабы. қазақ феодалдарының бір тірегі шала сауатты молда-қожа, қажы-ишандар болған. ислам идеологиясы мен тәжірибесіне бір жақты ден қойып қана қоймай, халықты прогреске жеткізу мүмкін емес еді. осы үлкен халықтың мәселені сұлтанмахмұт аса мол жырлаған. «дін» (1910), «соқыр сопы» (1911), «айт» (1914), «мағынасыз мешіт» (1912), «шұбар қожа» (1920) деген өткір де сатиралық өлеңдерінде халыққа кері әсер жасап келген құбылыстардың бірі дүмшелер екенін айтады. «айт» деген шығармасында ақын діннің байлар табының құралына айналғанын айтады. айт, ораза, намаз ислам идеологиясымен байланысты дін мейрамы, әдет-ғұрпы болғандықтан, сұлтанмахмұт бұлардың бәрін де ескіліктің шырмауы ретінде сынайды.

👇
Ответ:
жанат17
жанат17
05.11.2022

в 1912 году Султанмахмут решает  отправиться в город Троицк. Там он поступил в медрессе татара Ахуна Рахманкули. Но он не мог проучиться там долго. У него были трудности, так как у него не было собственного жилья и денег. Он сильно похудел и заболел. Поэтому зимой он учился в медрессе, а летом обучал мальчика из соседнего аула. Он обучал детей, следил за здоровьем и собрал денег. В свободное от школы время Султанмахмут очень много читал и  сочинял стихи. 

4,5(16 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Confident23
Confident23
05.11.2022
Наурыз тойы--көнеден келе жатқан ұлттық мейрам.Наурыз мерекесі аса киелі қасиетті мереке.Бұл күні қазақтар бір -бірін үйлеріне шақырып қонақасы қылған.Дастарқанның басты асы--Наурыз көже болған.Наурыз көже ұлттық тағам.Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалған.Дәстүр бойынша оған бидай,тары,сүр ет, бұршақ,сүт, су, тұз міндетті түрде қосылуы тиіс Наурыз көжеге ет қосылуы  қыспен қоштасуды, сүт қосылуы келе жатқан жазбен қауышуды білдіреді екен.. ,,Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады ,,! деген  сенім бар. Наурыз көже ,наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген.
4,5(65 оценок)
Ответ:
jejixex8
jejixex8
05.11.2022
 - Арман, қалай ойлайсың, біздің тыныс алып отырғанымыз ауа таза ма?
 - Жоқ, ауаны тап-таза деп айта алмаймыз.
 - Неліктен?
 - Себебі қазіргі кезде машиналар, әртүрлі көліктер көп жүреді. Зауыттар ауаны ластайды. Адамдардың бірі далаға қоқыс тастап кетеді, бірі шылым шегеді.
 - Арман, мен далада сірінкемен ойнап, от жағып жатқан балаларды көрдім. Олар да ауаны ластайды ғой, иә?
 - Әрине, ластайды. Отпен ойнағанның салдары ауаны ластаудан басқа да дерттерге әкелуі мүмкін. Бұл балалардікі дұрыс емес. Отпен ойнауға болмайды!
 - Ал лас ауадан адам ауыруы мүмкін бе?
 - Иә, осы айтып кеткен ауаны ластайтын заттар адамға ауру әкеледі. Сондықтан ауаны ластамауға тырысу керек.
 - Ал ауаны қалай ластамауға болады?
 - Ол үшін біздің істей аларымыз қоқыс тастамау және өсімдіктер өсіру.
 - Ал өсімдіктің қандай пайдасы бар?
 - Олар көмірқышқыл газын жұтып, оттегін бөліп шығарады.
 - Оттегі деген не?
 - Оттегімен тірі ағзалар адамдар, жануарлар, т. б. тыныс алады.
 - Міне керемет! Бізге мұғалім өсімдік әкеліңдер дегені осы екен ғой. 
 - Иә, осылай таза ауаны сақтау керек.
 
4,4(77 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ