Тілсіз қияпат немесе табиғат апаттары (Стихийное бедствие) — алапат табиғи құбылыс: дауыл, дауылды қарақүйын, қүйынды дауыл, су басу, жер сілкінісі, жанартаудың атқылауы, кенеттен қалың кар жауу, цунами, қар кешкіні, құрғақшылық, тағы басқа. Бұл табиғи алапаттар тірі организмдерге, соның ішінде адамға төтенше әсер ететін экологиялық фактор болып саналады. Сондықтан 1994 жылдың мамыр айында Йокогамада (Жапония) тілсіз қияпат қауіптілігін азайту проблемалары қаралған. Тілсіз қияпаттардан (иемесс табиғи алапаттардан) 3,6 млн адам қаза тауып, 3 млрд-тан астамы зардап шекті. Ал жалпы экономикалық шығын 340 млрд доллар болды. Табиғи алапаттардың жиіленуі, халық тығыздығының артуы және Жердегі техносфераның кеңеюі күрделі инженерлік имараттар көп орналасқан аумақтардың табиғи қияпатқа ұшырауына себепші болады. Мұндай имараттарға АЭС-тер, химия кәсіпорындары, мұнай және газ құбырлары, суқойма бөгеттері, көлік жүйелері, тағы басқа жатады. Сондықтан табиғи және техногендік сипатты экологиялық алапаттарды бір-бірімен байланыстыра зерттеп-білу қажет
Күшігім еркелей білетін,
Кейде ол шәуілдеп үретін.
Жата қап аяғын көтерсе
Көргендер еріксіз күлетін.
Тойған соң томпайып жататын,
Бір тәтті ұйқыға бататын.
Түсінде мысықпен алысып,
Жүретін бөлмеде жарысып.
Қарасам, міне енді өсіпті,
Ит бопты кәдімгі қабаған.
Әуелі өзіме өшікті
Күнәм жоқ бір рет сабаған.
Мақтайды біреулер даурығып,
Қасқыр деп итімді қабаған.
Мен жүрмін кете алмай айығып,
Өз итім түсірген жарадан,
***
Отырсам үндемей үйімде,
Тоқмейіл, ақпейіл күйімде.
Келуші көбейіп кетеді
Шашымның ағынан сүюге.
Мақтауға бәрі әзір, жайдары
Мейрімнің ағаға шегі жоқ.
Ақтарар сырларын қайдағы,
Бірінің дығы жоқ, кегі жоқ.
Сәл ғана өзгеріп қалпымнан,
Әділдік сөйлесем болғаны,
Біреуі алып қап алқымнан,
Союға әзір тұр қалғаны...
Тойған соң жататын пырылдап
Мен мысық емеспін, достарым,
Жан болып жүрген сон, шырылдап
Айтамын арымның қосканын