М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Viktoria818
Viktoria818
21.04.2020 02:51 •  Қазақ тiлi

Сочинение на казахском языке про хана абылая. 15-20 предложений.

👇
Ответ:
artemmenshikov2715
artemmenshikov2715
21.04.2020
Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771—1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы, Рахметтің досы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркемУәлитуады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле биоған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі.
4,8(7 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Summerween
Summerween
21.04.2020

Менің балалық шағым Ақтөбе өңіріндегі Шалқар қаласындағы Шілікті дейтін атының өзі керемет бір елді мекенде өтті. Біздің үйде менің бір апам, бір ағам бар. Үшеуіміз өте тату болдық. Ағам үлкен оны көбіне еркелетіп ұл деп жұмсамайды. Ал бізді апамыз екеумізді кқп жұмсайтын. Әрбір баланың балалық шағы өте қызықты, ойынға толы болады. Сол сияқты менің де балалық шағым қызықты өтті. Көршілердің балаларымен күнде төбелесіп қалатынбыз. Ауылға қаладан қыздар, балдар қыдырып келеді солармен танысып, көшеге шығып асыр салып ойнайтынбыз. Ешқашан ойынға тоймай, үй көрмейтінбіз. Менің әжем өте қатал адам болатын күнде кешкісін ойнап келгенде қайда жүрсіңдер деп бізді ұратын. Ертеңісіне бізді күні бойы су тасуға, тезек теруге, тапай басуға жаза ретінде салып қоятын. Осындай тірліктің арқасында еңбекқор болып өстік. Осы кезде сол әжеме үлкен алғыс айтам. Бізді жұмысқа салып қояды деп жыласақ, ол бізді еңбекке үйренсін деп жұмыс жасатады екенғо. Қазіргі балалар өте бақытты сол кездердегідей қазір ешкім тезек теріп, тапай басып, тіпті суды да тасымайды. Мен қазір де өте бақытты баламын. Себебі ата-анам қасымда, өмірлік ұстанымым бар, бақытты жанмын!

4,5(23 оценок)
Ответ:
2806tonia2005
2806tonia2005
21.04.2020

киім матадан,былғарыдан,жіптен тігіледі.

адамды қатты суықтан,қатты ыстықтан , жаңбырдан қорғайды.

баскиім әйелдер баскиімі және ерлер баскиімібрлып екіге бөлінеді.

Әйелдердің баскиімі бөрік,сәукеле,т.б болып бөлінеді. олардың әрқайсысының киетін орны бар, мезгілі бар.мысалы сәукелені қыз ұзатылғанда киеді,ал бөрік сияқты қарапайым баскиімдерді әлі тұрмыс құрмаған қыздар күнделікті өмірде киеді.

ерлердікінің де бірнеше түрі бар. тақия,бөрік,т.б тақияны ерлер күнделікті өмірде той-томалақта киетін болған.

4,5(83 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ