Маусымдық түрлеріне қарай:
Аңызақ жел – желдің отын құрғататын оңтүстік-шығыстан соғатын жел;
Ескек жел – топырақты кептіріп жіберетін, көктемнің басында соғатын жылы жел;
Қара жел – күзде соғатын суық жел;
Алтын күрек жел – қыстың аяғында қарды әкететін жел;
Жапырақ жел – күзгі ағаштың жапырақтарын үйіріп әкететін жел;
Қума жел – бірде басылып, бірде үйіріп соғатын жел;
Өкпек жел – жазғытұрымда солтүстік-шығыстан соғатын жайсыз жел;
Әуір жел – шілдеде соғатын ыстық жел;
Үскірік жел – суық жел;
Қазанның қара желі – күздегі қара суық жел;
Терімсал – шілдеде соғатын ыстық жел;
Сипатына қарай:
Мал-жанға жайлы жер: қоңыр жел, самал жел, мырза жел, жайдақ жел, майда жел;
Мал-жанға жайсыз жел: ызғырық жел, үскірік жел, өкпек жел, сары жел;
Объяснение:
Ана тілі – біздің мәдениетіміздің өте маңызды бөлігі. Кейбір адамдар қазақ тілін бұрмалау және сөздерін өзгерту арқылы тілімізге зиян келтіреді. Әсіресе, бұл әрекетке жасөспірімдер барады. Осылайша, ата-ана мен баланың арасындағы қашықтық ұзарады, өйткені, бірін-бірі түсіну қиындайды. Бірақ, бұл қазақ тілінің өркендеуіне кедергі келтірмейді деп сенемін. Менің пікірімше, өз ана тілін сақтау және дамыту – әр азаматтың міндеті мен борышы. Менің ана тілім – қазақ тілі, мен оны мақтан тұтамын. Қазақ даласының ұлы тұлғалары: Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов және Махамбет Өтемісұлы сөйлеген тілді сүймеу мүмкін емес. Тіл қаншалықты бай болса, ұлт та соншалықты бай. Оның көмегімен халықтың тарихы, әдет-ғұрпы және салт-дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Тіл айналадағы дүниені, ерте балалық шақтан бастап тануға көмектеседі. Оның арқасында, адам қоғамның толыққанды бөлігі бола алады. Сондықтан, өз ана тілінді міндетті түрде білу керек.
Толығырақ: https://faktiler.kz/ana-tili-turaly-shygarma/