М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
anna992
anna992
05.05.2023 13:20 •  Қазақ тiлi

"чего добился казахстан? " 10-15 предложении на казахском языке

👇
Ответ:
odarka1596
odarka1596
05.05.2023

Қазақстан өз тәуелсіздігіне жету жолында қаншама қиындық, азап, көп қан төгушілік көрді. Қаншама жерінен де айрылды. Қазір міне енді егемен. тәуелсіз, тату халықпыз. Осы 21 жылда еліміз көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтатын болсақ Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев үлкен ерлік жасап ядрлық сынақтардан бастартты. 50 елдің қатарына қосылу деген мақсат қойып едік оған да қол жеткіздік. Елімізде қысқы Азия ойындары өткізіліп, көк байрағымыз көкке желбіреді. Осы алдында ғана өткен Лондон олимпиадасында да спортшыларымыз еліміздің байрагын асқақтатты. Бүгінгі күнде еліміз жер көлемі бойынша 9 орында тұр. Еліміздің жетістіктерін айта берсек дәптердің парағы жетпес. Қазіргі кезде еліміздің ірі жетістігі ол 2017 жылы біздің елде "EXPO-2017" мен студенттер арасында өтетін қысқы Универсиаданың өтуі. Еліміз қанша азап көрсе де, қазір жетістіктері мол, егемен, тату елде тұратыныма мақтанамын.

4,5(35 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Элинка235
Элинка235
05.05.2023

Хат.

Сәлем,досым.Қалың қалай?Сабағың ше?Менде бәрі жақсы.Сен қашан ауылға келесің?Мен және Ақтөс сені қатты сағындық.Жазғы демалыста келесің деген ойдамыз.

Маған жазған хатыңда қазақ халқының бесікке салу,шілдехана,ат қою,тұсаукесер деген салт-дәстүрлері туралы мәлімет жазып жіберуді сұрапсың.Мен де көп білмейтін болғандықтан,атамнан көмек сұрадым.

Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады.Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды,сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді.Осыдан кейін бесік аласталынып,бала бесікке бөленеді және дәстүрге қатынасқан әйелдер қауымына кәде беріледі.Үлкендер бата беріп,бесік жыры айтылады екен.

Шілдехана мәні алғаш нәрестені жын-періден қорғап,“күзету” ю деген сенімге саяды.Сондықтан оны “Шілде күзет” деп те атайды.Бұл ғұрыптың түпкі мәні - бала мен ананы тіл-көзден сақтау,жын-шайтандардан қорғау.Дәстүрлі қазақ қоғамында бала үшін туылғаннан 40 күнге дейін қауіпті кезең саналған, оған дейін нәрестеге көп адамды жолатпай, бала мен анасын жақсылап күткен.Әсіресе,жас нәресте жатқан үйде үш (кейде 40 күнге дейін) күні бойы шам жағылып, “күзетілген”.Кейіннен шілдехана ұлттық ойын-сауық кешіне айналған.

Бала дүниеге келгенде әр саналы отбасы оған жарасымды әрі әдемі есім беруге тырысады.Міне,осы салтты "балаға ат қою" деп атаған.Кейбірі заманына сай,ел арасында кең таралған,заманауи есімдерді қойып жатса, кейбірі ата-бабаларының,ұлы тұлғалардың есімін,кейбірі ежелгі есімдерді қоятыны белгілі.

Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады.Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан.Сол жіппен баланың аяғын тұсап,оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек,жайбасар а ң тұсауын кестірмейді.Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді,шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді.

Досым,атам екеуміз саған көмектесе алдық деген ойдамын.Ендеше сау бол!Хат жазып тұр.

4,6(54 оценок)
Ответ:
katyaiva1998
katyaiva1998
05.05.2023

Ата-бабаларымыздан бүгінгі күнге көптеген ертегілер қалды.Солардың бірі – "Аяз би" ертегісі."Аяз би әліңді біл,құмырсқа жолыңды біл" деген бір-екі ауыз сөзді білмейтін адам жоқ шығар,сірә.Ертегінің бас кейіпкері – Жаман.Бұл кейіпкер - халықтың "елді осындай адам билесе екен" деген тілегінен туған кейіпкер.

Жаман ертегі барысында өзінің жақсы қырларын көрсетеді.Ханға жаман адамды,жаман шөп пен құсты анықтап береді.Қасиетті тастың,ханның тұлпарының сырын ашып береді.Тіпті хан:"Мен хан ұрпағынанмын ба?" деп оны анықтауды бұйырғанда,Жаман ханның отбасында тек өзі хан екенінің,арғы аталарының бәрі наубайшы болғандығын дәл айтып береді.Хандықтағы ауқатты байдың отыз бестегі қызын да өзінің ақылдылығымен,қайсарлығымен алады.Жаманның ханның сүйікті уәзірі болғандығын көре алмаған қалған уәзірлердің қастандықтарына да төтеп беріп,әділ болады.Ең соңында халық оны ақ киізге көтеріп хан сайлайды.

Қорытындылай келе,ертегіде «Жаман таққа мінген соң, ешбір соғыссыз, бес хандықтың қонысын біріктіріп, ел арасында достық орнатыпты» делінген. Әр ханның адамдары өз елінен әділдік таппаса, бұған келіп, қосыла беріпті. Сол уақыттан бастап әділдігі үшін бес ханның елі Жаманға: «Аяз би» деп ат қойып, сол аты өле-өлгенше қалды дейді.Оның жасаған әр ісінен көреген хан болғандығын байқаймыз.

Объяснение:

дурыс лайк басып кет

4,4(100 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ