Әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары , жолдастары ыстық болса,Отан да а солай да ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан үшін отқа түс - күймейсін» - деген мақал бар. Расында да егер Отан үшін жанынды қисаң, ол үлкен абырой. Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді. Тарихта мәңгі қалады.
Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досыңОтанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең.
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ елінде 16 млн-ға жуық халық тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы «теңге» болып қабылданды. Қазақ елі өте дамыған мемлекет. Оны басқа шетелдіктерде мойындаған. Себебі, Қазақстан соңғы он жылдың ішінде дами түсті, көркейіп, өз экономикасын жақсартып, ішкі – сыртқы саясатын дұрыстады. Қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын, оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді. Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібі өте бай ел. Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. Өзге шетелдіктермен саудаласып, экономикасын дамытуда.
Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Осындай елмен әрине мақтанасын. Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. Әрине, осы жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасында.
«Қазақстан – ұлы Отаным»
Қазақстан менің елім, аңсағаным Кең байтақ жеріңменен тамсанамын. Асқар тау, белдеріңмен мақтанып, Күлімдеп, мен де бір шаттанамын.
Отаным – Қазақстан туған елім, Ойнап күліп ер жеткен туған жерім. Өсе бер өркендей бер, Елім менің, Ардақтап мәңгі мен сені өтермін.
А ң қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі-білім қазынасы. Ал, білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап-а ң сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. « Кітап дегеніміз-алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік- деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап талғап оқи білу, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу-әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. « Кітап маған тақтан да қымбат»,- деп атап көрсеткен Шекспир.
« Кітап-ең құдіретті әлем», « Кітап-күн шуағы білімнің», « Әліппенің ар жағы-білім бағы» дейді ғой халықта. Сол білім бағына жетелейтін дүние-кітап.» Иә, мен бұл сөздердің қаншалықты құнды, теңіз суындай терең мәнді етіп айтылғанын жүрегіммен сезінемін. Қазір ойлап отырсаңыз, адамзат ғана емес, күллі тіршілік атаулы жаралғалы бері құбылыстың бәрі кітаптың ішінде сайрап жатыр емес пе? Әр кітап өзінше бір керемет дүние.
Менің жаным да сол дүниелерді танып, білуге ертеден құштар. Осы уаққа шейін мен бірнеше кітап бастарын қайырдым. Сол кітаптардың арасынан " сүйікті кітабым" атауына ие болған -Мархабат Байғұт ағамыздың " Ауыл әңгімелері" атты шығармасы. Бұл кітаптың жүрегіме жақын тиуінің бірнеше себептері де жоқ емес.
Бірінші себебі: Мархабат ағамыздың тікелей өзіне байланысты. Мархабат аға-Оңтүстіктің тумасы. Ол кісі шығармаларын оқыған сәтімде, туған мекенімнің төрінде еркін самғанымды сезінемін, өзіміздің Оңтүстік жұртына тән менталитентті, сыпайылық пенен жылы сөзділік айқын байқалады. Екіншіден: ауыл-қашанда аяулы мекен... Бәрімізде ауылдан өсіп-өндік емес пе? Үшіншіден: шығарма мазмұны, шығарма барысындағы оқиғалар қызықтылығы және де сөйлем арасындағы керемет байланыстар. Бұл кітап мен үшін " Қазына толы қамбадан" қымбат, өйткені қазынаның қамба қоры, кітап қоры деп санаймын, осы кітапты оқыған сайын, таусылмайтын баға жетпес асыл дүниеге қарқ боласың . Енді, кітап жайлы біренеше мәліметке қанық болғайсыздар.
Жазушы Мархабат Байғұттың бұл кітабына ауыл туралы әңгімелер енген. Ауылға іңкәр қаламгердің аталмыш тақырыпқа жиірек жазатыны, уызды да уытты тілі, әдемі әзілі мен астарлы әжуасы оқырман қауымға белгілі. Ауыл адамдарының сезімталдығы мен сағынышын, мұңы мен махаббатын, талайы мен тағдырын табиғи бейнелейтін прозашы жаңа әңгімелерінде қазіргі заман талабына, бүгінгі уақыттың әуеніне сәйкес психологиялық тың ізденістер таныта түскен. Кітап мазмұнының құрамында : "Жалбыздың жағасында", " Көрпесайдың кітапханасы", " Айып", "Варвараның көмбесі", " Алпыс үшінші жылғы махаббат" т.б. өте шығармалар молынан жинақталған.
Мен осы кітапты ең алғаш қолға алған кезімде, ол өзіне мені қатты баурап алар деп ойламаппын. Жазушы ағамның жазушылық шеберлігіне тәнті болдым және қатты таңырқадым. Сонымен қатар, кітапты оқып бастағаннан-ақ бойымды мақтаныш сезімі керней жөнелді. Неге мақтанбасқа? Оңтүстік жұртында алты алашқа ауыз толтырып жыр қып айтар жаңа шығарма дүние есігін ашқанда?! Неге мақтанбасқа? Мұхтар Әуезовтың шығармашылығын жалғар қазақта ұл болғанда?!
"Кітапқа деген сүйіспеншілік тудыру әрбір кітапханашының борышы мен міндеті. Жастарымыз дәстүрлерімізді көзіміздің қарашығындай бағып жүретін, адамзаттың озық ой көгінде ағып жүретін болуы тиіс", деп Назарбаев жастардың бойында ғы мәдени танымдылықты қалыптастыруда рухани құндылықтардың қайнар көзі кітап-оқу арқылы берілетінін айта отырып, білім мен ғылымның көкжиегінде биік асулардан көргісі келетіндігін атап өтті.
ххі ғасыр- мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі-кітап десек қателеспейміз.
Бүгінгі тақырыпқа арналған өз ойымды қорытындылай келе, өскелең ұрпаққа кітаптан асқан байлық, кітаптап асқан асыл қазына жоқ демекпін. Сондықтан да, дәл қазіргі ауыттан бастап кітап оқуға өздеріңізді бейімдеңіздер. Өздеріңіздің ішінен мол мұраға қанық болар, өмір жолында мәңгі азық болар "сүйікті" кітаптарыңыз болсын демекпін.
Әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары , жолдастары ыстық болса,Отан да а солай да ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан үшін отқа түс - күймейсін» - деген мақал бар. Расында да егер Отан үшін жанынды қисаң, ол үлкен абырой. Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді. Тарихта мәңгі қалады.
Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досыңОтанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең.
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ елінде 16 млн-ға жуық халық тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы «теңге» болып қабылданды. Қазақ елі өте дамыған мемлекет. Оны басқа шетелдіктерде мойындаған. Себебі, Қазақстан соңғы он жылдың ішінде дами түсті, көркейіп, өз экономикасын жақсартып, ішкі – сыртқы саясатын дұрыстады. Қазақ елінің ұлан байтақ жері былай тұрсын, оның табиғаты мен өнеркәсіп жөнінен ерекшеленеді. Қазақстан мұнай мен газ, химиялық өнеркәсібі өте бай ел. Көмір де қазып алынады. Химиялық өнеркәсіпте алтын, күміс, темір, мыс, қорғасын, мырыш және т.б бар. Пайдалы қазбалардан негізінен ванадий, скандий, теллур алынады. Өзге шетелдіктермен саудаласып, экономикасын дамытуда.
Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Осындай елмен әрине мақтанасын. Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. Әрине, осы жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасында.
«Қазақстан – ұлы Отаным»
Қазақстан менің елім, аңсағаным
Кең байтақ жеріңменен тамсанамын.
Асқар тау, белдеріңмен мақтанып,
Күлімдеп, мен де бір шаттанамын.
Отаным – Қазақстан туған елім,
Ойнап күліп ер жеткен туған жерім.
Өсе бер өркендей бер, Елім менің,
Ардақтап мәңгі мен сені өтермін.