М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
nata12377
nata12377
08.06.2022 22:54 •  Қазақ тiлi

Сочинение "казахская семья", собственно, на казахсом языке, буду

👇
Ответ:
svetlana278
svetlana278
08.06.2022

Қазақ отбасы.

Отбасы – тек қаны бір адамдар ғана емес,ол "Отан" атты ғимараттың бір кірпіші."Отан – отбасыдан басталады" деп ата-бабамыз бекер айтпаған ғой.Жанұямыз – біздің барымыз бен нәріміз.Оның құрамындағы адамдар бізге ауадай қымбат.

Әр халықтың отбасында өзіндік ерекшеліктері,заңдылықтары болады.Ал біздің қазақ отбасының басты ерекшелігі ата-ана тәрбиесінде деп білемін."Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің" деген қағидатты ұстанған қазақ отбасылары өз ұрпағынның тәрбиесіне кішкентай кезінен аса мән берген.Және де қазақ отбасы тамыры терең әрі жан-жаққа тараған ағаш секілді.Қазақ отбасында мүшелер көп әрі олар бір-бірімен қарым-қатынасты ешқашан да үзбек емес.Қарапайым шетел фильмдерін алайық.Ағылшындарда,мысалы,отбасы деген тек ата-әже,ана-әке және балалар.Ата-ана өз балаларына көп көңіл бөлмей,оның тәрбиесіне уақыт бөлмейді.Содан балалар үлкен адамдарға дөрекі сөйлеп,бұзықтық жасайды.Ия,фильмдерден бұны көп байқаймыз.Дана халқымыз:"үйді пеш емес – махаббат жылытады" демекші,қазақ отбасына бір-біріне жұбаныш болу,қолдау,қол ұшын созу,жақсы көру,қамқор болу,уайымдау секілді сезімдер тән.Отбасында бала "шыр" етіп дүние есігін ашқан соң,оның тәрбиесімен бүкіл отбасы айналысады.Ұл болса әкесі оны еңбекке,қайсарлыққа,батылдыққа баулиды,"сегіз қырлы,бір сырлы" боп өсуіне күш салады,қыз келсе анасы оның инабатты да ибалы,ақылды,өнегелі болуын қадағалайды.

Ия,қазіргі таңда заманнан бұрын адамдар өзгергенімен,қазақ отбасы өз құндылықтарынан айрылмаса деймін.Себебі,"отбасының өнегесі - Отан өнегесі" ғой.

4,4(72 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
missstelmah2002
missstelmah2002
08.06.2022

100 жыл бұрынғы балалардың нені қалағаны, нені армандағаны

туралы ақпарат бере алады. Кітап балаларды арманға жетелейді.

Үлкендердің балаларына не тілейтінін де кітап арқылы біле аламыз.

Кейде өткен өмір жайлы кітаптарды қызыға оқимыз. Бірақ жазған автор

еткен әмірдің қорқынышы мен қуанышын толық біле бермеуі мүмкін. Ал

нәне кітаптың мазмұнында естеліктер сақталады. Ескі құжаттардан таба алмаған

Нәрселер көрнем шығармалардан табылады. Кітап өз заманының

соғылған ескерткіші жаңа уақытқа жалғанған із (Айно Первик).​

Объяснение:

4,8(31 оценок)
Ответ:
sakulich05
sakulich05
08.06.2022
Астана — бұл кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер көрінісінің нышаны . Бұл саяси батыл қадам. Астана шаңырағы әлі де болса биіктей түспек. Жаңа астананың келешегі бүтіндей XXI ғасырдың еншісінде жатыр. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас жеткіншектеріміз.
Сарыарқаның сары белінде Қанжығалы қарт Бөгенбай елінде ұлан-байтақ қазақ жерінің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі, жаңа бір мәдени-ғылыми һәм саяси-экономикалық алып ортаның, Отанымыздың күретамырына қан жүгіртетін, жан бітіретін сәулетті, қуатты орданың дүниеге келуі, әлбетте, барша жақсылықтардың игіліктердің шоғырлануы.Тарихқа үңілсек, 1830 жылдың маусым айында Есіл өзені бойындағы Қараөткел тұсында Астана қаласының алғашқы іргетасы қаланды. 1832 жылы Ақмола ішкі округі ресми түрде жарияланып, оның округтік аға сұлтаны болып Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы тағайындалды. Ал 1838 жылы Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсылық білдірген жергілікті халықтың көтеріліс деңгейін іле-шала Кенесары Қасымұлы Ақмола бекінісін алу үшін патша әскерлеріне қарсы алғаш шабуыл жасады.Сөздікке жүгініп, парсы түбірінен қазақша түсінігін іздейтін болсақ, астана — табалдырық, босаға, кіре беріс, сарайдың қақпасы, салтанатты орда есігі деген ұғымдарды білдірнді. Парсыша үндестігі астан (асетан) деп келеді. Келе-келе қазақта жұрт бас қосар орын, халық жиналып ақылдасар жер, ел ағалары байлам-бәтуа айтар орталық мәніне ие болғанға ұқсайды
4,8(14 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ