бұрын ата анамыз қатаң тәрбиелейтін. мысалы сақ патшайымы томирис. ол өзі әкесінің тәрбиесінде болған анасы қайтыс болған. ол ұл секілді өседі. томирис өседі үйленеді, балалы болады. баласы өседі әкесімен жауға шабады. Екеуі де о дүниеге аттанады..томирис еш қайғырмайды өлсе өлсін дегендей. бұрын жақсы бала болсын деп жазалайтын да. ол кезде телефонда болмаған сол себепті көп уақыт бір орында отырмайтын. далаға доп қуып ойнайтын. бұрын да балаларын үйге кіргізе алмайтын, қазір телефоннан ажырату үшін далаға шығаруға тырысады. қазір жақсы балалардыеркелетеді енді ол кезде де еркелететін. бар жағдайын жасайды баласының қамын ойлайды . кейде арасын да ұрысатын да. демек бұрынғы тәрбие қатал болған, қазір бар жағдайы жасалған еркелетеді яғни жақсы тәрбиелейді
ОТВЕТ:Нағыз адам болу- адамның өзіне байланысты.Себебі адам қандай іс әрекет жасаса өмірі де сондай болады.Адамның мінез құлқы,көңіл күйі, жасаған іс әрекетіне қарай өмірі сондай болады.Нағыз адамның бойында-ақкөңілдік,батылдық,мейірімділік,, бауырмашылдық,жауапкершілік,т.б қасиеттер болу керек.Жалпы айтқанда нағыз адам болу үшін іс әрекетің түзу, мінез құлқың жақсы,және бойында жақсы қасиет болу керек деп ойлаймын.Әрине осы атағанның барлығы адамның өзіне байланысты болады.Егере нағыз адам болғың келсе барлығын түбегейлі өзгертіп жақсы жаққа қарай бұр!ҚАНША СӨЗ ЕКЕНІН БІЛМЕЙМ БІРАҚ ӨЗ ОЙЫМДЫ ЖЕТКІЗДІМ.Назарларыңа рахмет
Отан – біртұтас ұғым.
Отан дегеніміз – біздің кіндік қанымыз тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекеніміз.Менің Отаным – тәуелсіз Қазақстан. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.
Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Ұлан - байтақ далада төсін кеңге жайған, табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар.
Мен өз елімді мақтан тұтамын. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр. Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.
Менің туып - өскен жерім егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және пайдалы қазбаларға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді.
Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген.