Білім жолы
бұл сөз тіркесінің астарында көптеген мағына жатыр.Біз бірден түсінеміз яғни білім жолына түсу үшін шаршамай талмай оқу керек.Ең бастысы ерінбеу керек,алдыңа мақсат қойып соған жете білу керек.Біз әрқашан білімді адам жерде қалмайды деген сөздерді естиміз,шынында да .Мысалға менің білім жолым мынадай мен мектепті бітірем,онан соңуниверситетті,онан соң магистратураныдегендей.Әрбір адамның білім жолы оның таңдаған мамандығына,ол адамның еңбекқорлығы мен талпынысына қарай өрбиді.
Қыстырма сөздерді қатыстырып, асық тақырыбына әңгіме құрау.
Әрине, әрбір мектеп оқушысы жазғы демалысын асыға күтеді. Менің ойымша, оның өзіндік себебі де бар – күні бойы алаңсыз аулада достармен ойнау. Сонымен, жазғы демалыс та басталып кетті. Біздің ауланың ер балалары топтасып, асық ойнағанды жақсы көреміз. Меніңше, бұл ұлттық ойынды әрбір қазақ баласы ұнатады. Демалыстың кезекті күні Самат, Еркебұлан, Аспандияр және мен асық ойнамақшы болдық. Ауланың ортасында төртбұрыш сызып, бір жағына асықтарды тізіп қойдық. Әрқайсымыз екі асықтан шығаратын болып келістік. Біздің ауламыздың ойын ережелері бойынша кімнің сақасы табанмен түссе, сол ойынды бірінші бастайды. Сөйтіп, кім бірінші бастайды деп тұрғанда, Аспандияр екеуміздің сақамыз табандап түсіп, екеуміз тағы да асық аттық. Қысқасы, менің жолым болып, мен бірінші жүріске ие болдым. Уақыттың қалай зулап өткенін де байқамай қалыппыз, сірә, ойынның қызығына кіріп кеткенбіз ғой. Бір атқанда асығымыз алшысынан түсіп жатса, енді келесі жүрісіміз сәтсіз аяқталып жатты. Сөз жоқ, өте тартысты ойын болды. Дегенмен, осы жолы Еркебұланның жолы болып, тігілген асықтардың барлығын қанжығасына байлады. Түскі асымызды ішіп алып, тағы да ойнауға келісіп, үйімізге тарадық.
Біздің пікірімізше, «білім алу бағдарламасы» концепциясы DDI Орталық Азия ұсынатын білім алудың кең және терең мүмкіндіктерін толықтай айқындап бере алмайды.
Оның орнына біз «білім алу жолы» концепциясын қолдануды жөн көреміз. Біздің сабақтар білім алудың фасилитациясына, әр адам оқу ортасы, сертификация және мамандану сияқты үш элемент аясында өзіне ғана тән жолды қалыптастыра алатын білім алудың динамикалық үрдісін жасауға бағытталған