Ақшақар.
Жаңа жыл – барша адамдардың тағатсыздана күтетін таңғажайып қызыққа, қуанышқа, сиқырға толы мереке. Кішкене бөбектермен қоса ересек адамдардың да ең сүйікті мерекесі десек те болады. Жаңа жыл жақындаған сайын жан – жақтың бәрі безендіріліп, жаңа жылдық әуендер ойнатылып, құдды барлық әлем ертегі әлеміне айналғандай күй кешеді. Балалар Аяз атаға хат жазып, жыл бойы тәртіптерінің жақсы болғанын айтып, қалған сыйлықтарын күтеді.
Барлығымыз да Жаңа жылды ерекше ықыласпен күтетініміз құпия емес. Жаңа жыл жақсылық пен қуанышқа толы болып, армандарымыз іске асатын мезгіл деп те қабылдаймыз. Жасымыз есейе келе ертегіге сенбесек те, Жаңа жылдан бір ерекше сиқырды күтетініміз тағы бар.
Әсіресе балалар Аяз Ата мен Ақшақарды асыға күтеді. Біреулері Аяз Аятаның сыйлығына, екіншілері Ақшақардың көйлегі мен көз тартар сұлулығына қызығады. Кішкене қыз балалар көбіне ақ көйлек киіп, өздерін Ақшақар елестетеді. Аяз Ата мен Ақшақар балалардың өнерлеріне тәнті болып, әзірлеген сыйлықтарын ұсынады.
Әдетте, Жаңа жыл - отбасымен тойланатын мейрам. Аналарымыз, апаларымыз, жеңгелеріміз алдын ала дайындалып, тәттілерін пісіріп, жаңа жылдық дастарқан әзірлейді. Барлығымыз осы кең дастарқан басында жиналып, әңгімелесіп, қалжыңдасып, бір – бірімзге сыйлықтар сыйлап, естелік суреттерге түсеміз. Жыл сайынғы дәстүр бойынша Елбасымыздың құттықтауын тыңдап, келер жылға зор үмітпен қараймыз. Ал сағат он екіні соғысымен бір – бірімізді құттықтап, есік алдына мерекелік от шашуды тамашалауға шығамыз.
Құлынның туған күнінде.
Менің атам мен әжемнің ауылында көптеген үй жануарлары бар.Солардың ішінде бір көргеннен жақсы көріп кеткен жануарым - Cұңқар есімді құлыным болды.Міне,оны туылғаннан бері бағып,өсіріп келе жатқаныма көп уақыт болыпты.Бұл бүгін Сұңқардың бір жасқа толғандығын білдіреді.Қарап тұрсам,құлыным әсем боп өсіпті. Отбасыммен ақылдасып бұл күнді атап өтуге келістік.Үй іші қызу дайындықта.Анам ертеден дәмді тағамдарын дайындау үстінде болды.Ал атам мен әкем құлыным өскен соң мінуге арналған кішкентай ертұрман дайындап жатты.Мен күні бойы ауылдағы жалғыз үлкен базарды аралаумен болдым.Неге дейсіздер ғой?Ата-анам аздап берген ақшаларды жинап жүрген болатынмын.Енді сол қаржыға құлынымның жалын,кекілін тарайтын әдемі әрі ыңғайлы тарақ алмақшы болдым.Түске қарай іздегенімді тапқанымда қалай қуандым десеңізші.Үйге келсем,анам сәкі үстіне дастархан жайып қойыпты.Құлынды жақын жерге байлап,алма,қант секілді тәтті тамақтар мен өз сыйлықтарымызды сыйладық.Біз ғана емес,оның туған күніне алыстан келген достары бота гүл шоғын сыйласа,бұзау құлынның сүйікті жемісі,алма толы себет сыйлады.Ол қуанғандай ойнақшып,секіре жөнелді.Міне,осылайша құлынымның алғашқы туған күнін атап өттік.
(Мағынасы бір-біріне жуық сөздер)
(Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер.)