М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Kvintsekstakkord
Kvintsekstakkord
04.12.2022 23:10 •  Қазақ тiлi

Укаждого человека есть хобби и немного свободного времени для того, чтобы делать то, что мы любим больше всего. у меня также есть хобби. и поскольку я ученица, у меня нет много времени в учебные дни. при том, я учусь в школе, поэтому выходной день у меня только один - воскресенье. летом я не сижу много времени за компьютером, а прекрасно провожу его на свежем воздухе. но осенью, зимой и весной я вынуждена больше сидеть перед монитором, поскольку у нас есть уроки, которые можно сделать только при ресурсов интернета. также я всегда общаюсь со своими друзьями, поскольку мы не видимся с некоторыми из них достаточно долго. в субботу и воскресенье я обычно маме с делами, смотрю телевизор, встречаюсь с друзьями и частенько играю на гитаре, т.к. обожаю музыку. но если школьные дни были загруженными и мне приходилось больше учиться, я просто отдыхаю. я считаю, что мы должны делать что-то весёлое в наше свободное время, так как мы устаём после тяжелых рабочих будней. нужен перевод на казахский язык, )

👇
Ответ:
rayarybak
rayarybak
04.12.2022
Кез келген адамның сүйікті ісі болады және өзінің қатты ұнататын ісі орындайтын аздаған уақыты болады. Менің де сүйікті ісім бар, мен оқушы болғандықтан менің оқу күндері көп уақытым жоқ. Мен мектепте оқитын болғандықтан, менде бірғана күн демалыс-жексенбі.
 Жазда мен компьютердің алдында көп уақыт отырмаймын, оны таза ауада тамаша өткіземін. Бірақ, күзде, қыста, көктемде монитордың алдында көбірек отыруға мәжбүрмін, тек қана Интернет қорлары көмегімен ғана орындайтын сабақтар болғандықтан. Сондай-ақ мен көптен көрмеген достарыммен интернет арқылы тұрақты араласамын. Сенбі жексенбі күндері мен әдетте анама үй шаруасына  жәрдемдесемін, теледидар көремін, достарыммен кездесемін, жиі гитарада ойнаймын, музыканы жақсы көретін болғандықтан. Мектептегі күндерім бос болмай маған көп оқуға тура келгенде, мен жәй демаламын. Күнделікті ауыр жұмыс күндерінен шаршайтын болғандықтан, біз кейбір көңілді істермен бос уақытымызда айналысуымыз керек деп санаймын.
4,6(58 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
gilewich
gilewich
04.12.2022

1. Сен қандай мектепте оқисын?
- Мен №25 мектепте оқимын.
2. Саған ұнайма мектебін?
- Иә, маған өте ұнайдын.
3. Сен қай сыныпта оқисын?
- Мен 8 сыныпта оқимын.
4. Сенін мектебінде не бар?
- Біздің мектепте асхана, кітапхана, үлкен спорт кешені, тағыда басқа жерлер бар.
5. Сенің мектебің қайда орналасқан?

- Менім мектебім орналасқан.

1. В какой школе ты учишься?
- Я учусь в школе №25.
2. Тебе нравиться твоя школа?
- Да, мне очень нравиться.
3. В каком классе ты учишься?
- Я учксь в 8-ом классе.
4. Что находиться в твоей школе?
- В моей школе есть столовая, библеотека, большой спрот зал и есть многие другие места есть.
5. Где находиться твоя школа?
- Моя школа находиться.( адрес или место напиши) 

4,7(93 оценок)
Ответ:
svetsok2006
svetsok2006
04.12.2022

Абай Құнанбаев

Ұлы Абайды "Қазақтың бас ақыны" деп бағалап, алғашқылардың бірі болып оның ақындық зор тұлғасын дәл сипаттап, әдебиет, мәдениет пен қоғамдық ой.санамыздың дамуындағы орасан зор маңызын тұжырымды түрде айқындап берген Ахмет Байтұрсыновтың осы бір нұсқалы сөзін есте тұта отырып айту парыз деп ойлаймыз. Бұл бүгінгіге дейінгі өрістетіліп, кеңейтіліп, әртүрлі бағытта нақтылай айтылып келе жаткан сан алуан пікірлердің тірегі, алғашқы түйіні, асыл ұрық.дәні, ақиқат түйірі деуге лайық, өйткені ол жай әншейін әлдеқалай айтыла салмай, әбден барлап, ойлап, тереңіне бойлап, байыбына барып, мәнісін жете аңғарып айтылған түйінді ой.тұжырым.

Абайдың атын әлемге әйгілеп, өзінің ғылыми зерттеулерімен де, атақты "Абай жолы" дәуірнамасымен де абайтануды үлкен сара жолға салған Мұхтар Әуезов те жаңаша ой толғап, соны шешімдер іздегенде Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейхановтың пікірлерін үнемі тірек еткені ешбір дау туғызбайды. Ахмет Байтұрсынов Абайды бас ақын деп жоғары бағалап, қастерлегенде оның басқадай қасиеттерін, ұлы тұлғасының өзге жақтарын көре білмеді, дарыны, даналығы көп қырлы екенін тани алмады десек, ағаттық болмай ма? Мұны айтып отырғанымыз, бүгін Абайды мақтамақ болғанда кейбір авторлардың ол ақын ғана емес, ойшыл ғұлама деп көтеріп тастағандай болатыны байқалады. Әрине, Абай ұлы ойшыл, ғұлама, өзгеден мойыны озық философ. Абайды хакім деу де орынды. Ол сөзді Абай өзі де қолданған. Абайды хакім деп Мағжан да бір өлеңінде атайтыны бар. Хакім деген сөз тілімізде жылдар бойы аз қолданылып, мағынасы көнергендей болып келді де, қазір жаңғырып қайта жанданды. Алайда Мағжан Абайды "шын хакім, сөзің асыл, баға жетпес" деп сипаттағанда, оның ойшылдығын, даналығын ақындығынан бөліп айтпаған.

Абайдың ойшылдығы, кемеңгер философ екені терең ашылмай, жете айтылмай келгені рас. Тіпті таптық идеологияның қисынына сәйкес бір жақты айтылған кездері де аз болған жоқ. Абайдың дүниеге, қоғамға көзқарасы, әсіресе алла, имандылық туралы пікірлері бұрмаланып баяндалды. Бұл тұрғыдан қарағанда Абайдың ойшылдығын баса айтудың әбден жөні бар. Абайдың дүниетанымы, философиялық көзқарастары туралы еңбекте солай етудің өзі бірден.бір қажет және мұның өзі ғылыми зерттеудің тәсілі. Бірақ бірде болмаса бірде кездесіп қалатын қара сөздерінде ойшылдық, даналық басым екен, өлеңдері таза поэзия ғой деген секілді жаңсақ пікірлердің айтылуы еш дәлелсіз. Әрине, дүниенің өзгеріп дамуы, алла мен адамның болмысы туралы арнайы пікір толғаған сөздері өз алдына.

Қазақты тану үшін Абайды оқу қажет, ал Абайды түсіну үшін азамат болу шарт. Абайды тану қазақтың өзін-өзі тануының, басы да, соңы да! Абайды тану Абай айтқан сындардан толық қорытынды шығару деп білеміз. Айдай анық нәрсе, Абай ақын ғана емес, ол өлеңдері арқылы өз халқының төрдегі басын есікке сүйреп келген, басты міндерін батыл көрсетіп берген тұңғыш дана сыншымыз да!

4,5(9 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ