М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
virudskaya
virudskaya
07.01.2021 16:16 •  Қазақ тiлi

Күрделі сөздерді қатыстырып өзі тұрған жердің туралы жаз

👇
Ответ:
linamalina6996
linamalina6996
07.01.2021
Биыл біздің ауыл қысқа дайындық жұмыстарын ойдағыдай жүргізді. Малдарға мая-мая шөп шапты. Қора-қора қойларды өз уақытымен күтіп баптады. Үйір-үйір жылқылар да қыстан аман шықты,
4,4(30 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
КаМиЛлА2911
КаМиЛлА2911
07.01.2021

1 Ор қоян – өте сирек кездесетін жануарлардың бірі. Бұл 20 жыл бойы күткен ор қоянның суреті немесе Тянь-Шань шыңындағы ор қоян.

Пиноккио ер бақасы өзінің жұбын іздегенде не болмаса бір қауіпті сезгенде, оның созылған мұрны жоғары қарай көтеріледі.  

Әлемдегі сирек кездесетін жануарлардың бірі 2010 жылы Бирманың таулы аймағынан табылған. Бұл маймылдың өзгелерден бір ерекшелігі  – жаңбыр жауған кезде түшкіреді. 2 тапсырма - Адамның табиғатқа әсерінен жануарлар мен өсімдіктер қырғынға ұшырауда, соның салдарынан ағзаның көптеген түрлері жойылып кету шегіне жетті.Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің алғашқы тізімін 1963 жылы Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағының (ХТҚО) арнайы комиссиясы құрастырды. Бұл комиссияға әлемдегі әр түрлі елдердің ғалымдары енді. Тізім жарияланып, «Деректердің Қызыл кітабы» («Red Date book») деген атау алды. Қазіргі кезде көптеген елдерде Қызыл кітап жарық көрді. Қазақстанда Қызыл кітап жасауға құлшынушылардың бірі белгілі ғалым - зоолог A. А. Слудский болды. Оның еңбектері Қазақстан жануарлар әлемін қорғауға арналды.                                                                                                          3 тапсырма Адам - табиғаттың  ажырамас  бөлігі. Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтуы керек.

Табиғат тіршіліктің  құт - берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз. Қазіргі кезде экология мәселесі нашарлап кетті. Табиғатты қорғау, сақтау қазіргі жастардың қолында.  Қазақ халқында табиғатты құрмет тұтады. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін асыл ана. Өйткені а табиғаттың тіршілігінде өсіп-өніп, жетілген. Табиғат - ырыздықтың, ырыс пен мол қазынасының қайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақинасы. Қазіргі табиғаттың ластануы үлкен - мәселе. Бұл барлық дүние жүзінде қарастырылуда. Табиғат-сөз жетпес сұлулық, баға жетпес қазына, көз тоймайтын әсемдік, айтып жеткізе алмайтын қыры мен сыры мол құбылыс болғанымен қазір сол табиғат нашарлап, ластануда соның салдарынан адам өміріне қауіпті жағдай тудыруда. Біз табиғаттағы әрбір жайқалып тұрған ағашқа қамқорлық танытуымыз қажет. "Бір тал кессең, он тал ек", "Жер құтты болса, мал сүтті болады"-демекші, айналамызда табиғаттан лас иісті,  ауру тудырушы бактерияларды  жоюшы тал, жасыл желек.  Егер осы мәселе қаралмай қала берсе төңірек ластанып кетеді.  Мен өзімнің туған өлкеме қарағай,  шырша, терек  т.б. ағаш түрлерін ексе екен, -деймін. Табиғаттың зардаптарына төтеп беру үшін табиғатты ластамай қорғауымыз керек.

Объяснение:

айтылымга жаксы апайга токтамай 1 сагат айтасын

4,7(69 оценок)
Ответ:
sivtsevavera2005
sivtsevavera2005
07.01.2021

Ана! Бар болғаны үш әріптен тұратын сөз. Бірақ бұл сөздің астарында ұшан-теңіз ой жатыр. Бұл сөз иесі бар әлемдегі ең аяулы, ең әдемі, ең ардақты, ең сүйкімді, ең сүйікті жан. Олай дейтін себебіміз, ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы. Шыр етіп дүние есігін ашқаннан-ақ ананың ақ сүтімен нәр алып, ана құшағына еніп, мейіріміне бөленеміз. Сәбидің аузынан шығатын ең алғашқы сөзі де – ана. Сондықтан бұл өмірде анаға тең келер ешкім жоқ.

Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын көрсетпей, өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу. Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңның жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый-құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де татымайды. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. "Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді" деп бекерден-бекер айтылмаса керек.

4,7(34 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ