Алдымен өзіме тиесілі жерге саятшылық салар едім. Одан кейін болашақ егістік пен бау-бақшаға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіретін жерлерді таңдар едім. Осыдан кейін бұл алқаптарды тазартып, өңдеуге дайындау керек. Егістіктер дайын болған кезде оларға қажетті дақылдарды себу керек. Әрі қарай, сіз оларға қамқорлық жасап, олар өсіп, өнім бергенше күтуіңіз керек. Егін жинап болған соң, оның бір бөлігін келесі жылдың керек-жарақтарына және биылғы жылы жеуге арналған қораға қойыңыз, ал қалғанын жаңа үй ыдыстарын сатып алуға және шаруашылығыңызды кеңейтуге ақша табу үшін сатқан дұрыс.
Ежелгі дәуірдегі қазақ халқының мәдени мұраларының бір түрі – халық ауыз әдебиеті. Жалпы алғанда қай елдің болмасын көркем әдебиеті-халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Ал біздің халқымыздың тіл байлығы өте жоғары сатыда болғандықтан, ауыз әдебиеті жақсы деңгейде дамыған.
Қазақ тілінің аңыз-әңгімелері, мақал-мәтелдері, ертегілері және т.б. атам заманнан бері келе жатқан ауыз әдебиеті болып табылады. Менің әр уақыт сайын таң қалатыным – соншама ғасырларды бастан кешіріп, неше түрлі өзгеріске ұшыраса да, түпкі мағынасы, тәрбиелілік мәні өзгермей, бүгінгі күнге дейін сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан мирасымыз, қазынамыз болып келеді.
“Халық ауыз әдебиетінің бізге тигізер пайдасы қандай?”-десеңіз: оның ең басты құндылығы – халықтың салт-дәстүрін, өмір салтын сақтап, сипаттап, оны келесі ұрпаққа асыл мұра ретінде жеткізу.Сонымен қатар біз көркем әдебиетті оқи тұра сөз байлығымыз ұлғаяды, патроиоттық сезіміміз оянып, рухани байимыз. Біздің ішкі жан-дүниеміз ләззаттанып, өте құнды “азық” алады. Сана-сезіміміз ұшталып, өзіміз үшін өте қажетті тақырыптарды танимыз, біз үшін жаңа авторлармен танысып, көптеген ақпарат аламыз. Халық ауыз әдебиетінің әр саласы адамға өзіндік тәрбиелілік мән-мағынасын ұғындырады.
Жаңа жыл туралы тақпақтар.
Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Жақсылықтың белгісі, жаңа уақыт,
Келіп, міне, жатырмыз, қауқылдасып...
Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,
Он екіні күтер, қалмай, тағаттары,-
Ғасырдың он екінші жылы келді,
Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары!
Құтты болсын Жаңа жыл, барша қауым,
Құтқа орансын кең байтақ дархан елім.
Қазақтың пейіліне тарту етсін,
Табиғат ашық аспан, таң шапағын!
***
Жылдың әнін бастайын,
Аяз- Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқар тау, қарлы шың.
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
Қалып едік сағынып,
Kүтіп алдъқ жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа-жыл
Ата-әже, ата-әже
Құтты болсын жаңа жыл
Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жол болсын.
***
Аяз –ата ақ сақалды,
Ақ таяқты паң ата,
Асып өтіп асқар тауды
Жеттің бізге таң ата
Жапалақтап ақша қар
Жауды күнде қайталап
Қырға шықты балалар
Шаңғыларын арқалап.
Қайда қызық думан болса,
Аяз ата сонда болды.
Балалармен бірге ойнап
Балалармен бірге қонды.
Аяз келді қаһарлы
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр
Дәл атамдай салмақты.
***
Жаңа жыл, жаңа жыл.
Жаңа жылда-жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Жадырап бар бала жүр.
Тамаша.тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Miнe, сұлу шыршамыз.
Көптен күтіп, сағынған,
Кел, балалар, келіндер,
Тамашаны көріңдер.