М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Apple008
Apple008
13.02.2023 15:03 •  Қазақ тiлi

Сочинение на тему *мой любимый город петропавловск*

👇
Ответ:
TastyDonut
TastyDonut
13.02.2023

Петропавл қаласы Қазақстанда орналасқан.
Петропавлдың шақырымы 451,6 км².

Бұл қалада Ишим өзені бар

Павлодарда өте көп мектептер, университеттер,мұражайлар бар

Павлодар өте әдемі қала

Мен Паввлодар қаласын өте жақсы көремін

4,8(36 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Shool178
Shool178
13.02.2023
Дәрумен (Витамин)– адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vіta – тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді.Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Организмде үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, қорытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал витаминді (әсіресе, А және D витаминдерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық витаминдерді суда еритін витамин, майда еритін витамин және витамин тектес заттар деп бөледі.Витаминнің мал үшін де маңызы зор. Мал азығында витамин жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К витаминдері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А витамині жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті витамин балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, тағыда басқа болады. Қыста авитаминозға шалдыққан, тағыда басқа түрлі жағдайлармен жүдеген малға витамин концентраттарын,сәбіз, балық майы, тағыда басқа витамині мол азық беру керек. Мал азығындағы витамин мөлшерін көбейту үшін арнайы витамин препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады.Витамин жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, ағзаға, негізінен көмірсулар (қант, тағыда басқа) ғана түсіп, ақуыз бен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды. Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы витаминдер бұзылады. Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР витамині) аз дәнді дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.Тағамда витаминдердің жеткіліксіз болуы, адам ағзасын әлсіретеді. Мұндай жағдайды гиповитаминоз деп атайды. Оған ауа райының қолайсыз жағдайы, ауасы лас жерде ұзақ уақыт жұмыс істеу, сондай-ақ гастрит, асқазан ісігі, гельминтоз, лямблиоз,тағыда басқа аурулар себеп болады. Витамин жетіспеушілік болғанда ағзада зат алмасу процесі бұзылып, оның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Сондай-ақ, адамның көңіл-күйі күйзеліске ұшырағанда, ауа-райының құбылмалы кезеңдерінде, әйелдердің жүктілігі не сәбиін емізуі,тағыда басқа жағдайларда ағзада витамин жетіспеушілік артады. Мұндай жағдайда дәрігерге қаралып, арнаулы витаминдер қабылдап, көкөніс пен жемістерді көбірек пайдалану қажет. Витамин жетіспеушілік және гиповитаминозжануарларда да болады. Мал авитаминозбен, көбінесе көктемде ауырады. Витамин жетіспеушіліктен аналық мал қысыр қалады, төл нашар өседі. Мысалы, В витамині жетіспеген жағдайда құсполиневритпен, шошқа пеллаграмен ауырады. D витамині жетіспесе, төл қатпа болады, ірі мал сүйек ауруына шалдығады.
4,4(15 оценок)
Ответ:
9570896123
9570896123
13.02.2023

Менің бір күнім

Менің орныққан күн тәртібім бар. Барлық көздеген шаруамды істеп үлгеру үшін мен күн тәртібімді бұзбауға тырысамын. Сонымен менің қысқаша күн тәртібіме тоқтала кетсек. Мен күнделікті сағат жетіде тұрамын. Тұрғаннан соң, бірден төсегімді жинап, беті - қолымды жуамын. Содан соң ата - анаммен таңғы ас ішемін де, киінемін. Киініп болған соң, шашымды тарап, сырт киімімді киіп, мектепке кетемін. Мектеп үйдің жанында болғандықтан, мектепке жаяу барамын. Сағат сегізде сабақ басталады. Күнделікті жеті сабақ оқимыз. Сағат бір жарымда сабақ аяқталып, үйге қайтамын. Үйге келгеннен кейін, киімімді ауыстырып, қол жуып, түскі ас ішемін. Одан кейін ас үйді жинастырып, сабақ оқуға кірісемін. Сабақ оқуға шамамен екі сағаттай уақытым кетеді. Одан кейін інімді балабақшадан алып келіп, кешке ас әзірлеуге кірісемін. Ата - анам жұмыстан келген соң, бәріміз бірге кешке ас ішеміз. Содан соң, анама ас үйді жинауға көмектесіп, одан кейінгі бос уақытымды өз қалауымша өткіземін: не теледидар көремін, немесе кітап оқимын, болмаса әлеуметтік желіде отырамын. Сағат он бірде түнгі ұйқыға кетемін.

Ал демалыс күндері сәл өзгешелеу: Сабақтың орнына үйді жинастырып, атам мен әжеме барамыз. Айына бір рет ата - анаммен дүкенге барып, азық - түлік не болмаса басқа керек - жарақтарды аламыз.

Объяснение:

4,6(31 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ