Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дəстүрлері, көнеден бастау алатын сан қырлы мəдениеті, өзіндік игі əдет-ғұрыптары бар. Олардың ішіндегі ең өміршеңі отбасылық салт-дəстүрлер мен əдет-ғұрыптар болып отыр. Өзінің ұзақ тарихында кең даланың тұрғындары баланың дүниеге келіп, ержетуіне, қонақ күту, тұрмыстағы əр түрлі ғұрыптарға жəне адамның үйленуі мен қайтыс болуына байланысты отбасылық өмірдің тұтас бір ритуалдық жүйесін құра алды. Біздің мақсатымыз — осы тұтас ритуалдар ішінен бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтпай, негізінен берік жəне толық сақталып отырған баланың туылуы мен тəрбиесіне жəне жерлеуге қатысты отбасылық ғұрыптарды қарастыру.
Атам қазақ «Балалы үй — базар, баласыз үй — қу мазар» деп айтқандай, қазақ əйелдерінің тұрмысқа шыққан соңғы басты міндеті көп баланы дүниеге əкелу болып табылды. Əйелдің бедеулігі өзі мен ері үшін үлкен бақытсыздық саналды. Сондықтан қазақ халқы əйелдің қалыңдық болып, оң босағадан аттап шыққан кезінен бастап, барлық маңызды кезеңде оны, ең алдымен, болашақ баласыздықтан сақтау үшін көзден, тіл-сұқтан, зиянкестен қорғау шараларын қарастырған. Олардың қатарына қызды үйінен басынан тұз айналдырып шығару, қалыңдық қайын атасының үйіне алғаш кіргенде отпен аластау, бөстекке отырғызу жəне оның бет-жүзін бүркемелеп ешкімге көрсетпеу жатады. Сонымен бірге үйлену тойы барысында ырыммен бедеу, айықпас ауруы бар, кесапат саналатын əйелдер маңызды істерге араластырылмайды. Этнограф-ғалым Р.Снесарев атап көрсеткендей, «бедеуліктен құтылудың жолы оны екінші əйелге өткізу» [1]. Үйленуге байланысты көптеген əдет-ғұрыптарды өсіп-өнген, балалы-шағалы əйелдердің атқаруы осындай сенімге байланысты келіп шыққан.
Қазақ мəдениетінде аяғы ауырлаған келінге, бір жағынан, қамқорлық жасалғанымен, екінші жағынан, ол барлық үй шаруасын көп жағдайларда ауыр жұмыстармен қосып атқаруын жалғастыра берген. И.Ибрагимовтың көрсетуінше, «қазақтарда жүкті əйел тіпті өзінің жүктілігінің соңғы күніне дейін жұмысын жалғастыра береді. Мықты
ТЕАТР ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ МӘЛІМЕТТЕР
2011 жылы шілде айында Лондон театрында кешкісін «Бесік жыры» деп аталатын өзгелерден ерекше қойылым болған. "Қойылым несімен ерекше" дейсіз ғой? Онда кресло орындықтарын бір адамдық, екі, тіпті үш адамдық кереует қылып жасап, үстіне көрермендерді жатқызған екен. Олардың басты мақсаты - көрерменді жайлы жайғастырып алып, тыныш ұйқыға батыру.
Константин Анисимов - Ленин комсомолы атындағы Ленинград театры труппасының актеры, әрі «Зенит» футбол клубының ішкі ойындарының дикторы. Кейде ойын мен қойылым бір-бірімен тұспа-тұс келіп қалған кездерде ол түрлі қулықтарды қолданатын болды. Мысалы «Гамлет» спектаклінде Лаэрта ролін сомдамақ болғанда, ол тек бірінші және үшінші акт кезінде ғана сахнаға шығады екен. Осы уақыт аралығында ол футбол алаңына барып, тіпті ойынды жүргізіп келіп үлгерген.
Ежелгі римдік тұрғындар қанды оқиғаларға толы дүниені көргенді ұнатқан. Олар мұндай көріністерді тек гладиаторлар жекпе-жегінен ғана емес, кәдімгі тетарлық қойылымдардан да тамашалайтын болған. Егер актер сценарий желісі бойынша, сахнада өлуге тиіс болса, онда оған сол жерде өлтіруге үкім шығарылып, сахнада, көрермендердің көзінше өлтірген.
Бізге белгілі, бұрынғы кезде театрдағы барлық ролдерді тек ер адамдар ғана ойнаған, заң соны талап еткен. Шекспирдің заманында қойылым тоқтап қалса, «Королева Елизавета қырынып үлгере алмай жатыр» - дейді екен.
Иония жерінде бір ерекше театр болған. Ол несімен ерекше? Ол театрда бір қолдың сарбаздарын бөлек бір арнайы қатарға отырғызатын көрінеді. Ал олардың алдындағы қатарда тақыр басты құлдар отырады. Қойылым кезіне шапалақ ретінде артта отырған сарбаздар құлдардың тақыр бастарынын ұрып, құрмет көрсетеді екен.
Атақты әртіс Татьяна Пельтцер өмірінің соңғы жылдарында жаттаған сөзін үнемі ұмытып қала берген көрінеді. Ол Ленкомның «Қызыл шалғындағы көк аттар» спектаклінде Клара Цеткинның ролін ойнап жатып айтуға тиіс сөздерін ұмытып қалады да : «О, Құдайым-ай, ештеңе есімде емес» - дейді. Сол кезде Ленинннің ролін сомдап жатқан Олег Янковский тосылмастан: «Клара, сіз мүмкін пролетариат қосылуы керек деп айтқыңыз келген болар» - дейді. «Иә, соны айтқым келген» - дейді Пельтцер. Содан кейін, Татьянаның есіне енді қалғандары да түсе қоймас деген оймен Олег барлық диологты өзі айтып шығады.
Римдік драматург Ливий Андроник үнемі өзі жазған тргедияларында өзі басты ролді иемденеді. Бір күні ол өз даусын жоғалтып алып, кезекті қойылымында сырттан айтып тұратын бір адамды тағайындап қояды екен де, өзі аузын жыбырлатып қана тұрады. Бұл жағдай тарихта фонограмманы ең алғаш қолдану болып қалды.