мен армандайтын мектеп
Объяснение:
Мен армандайтын мектеп үлкен және жарық. Онда жаңа технологиялар өте дамыған, сабақ өту тәсілдері өте керемет. Мектеп мұғалімдері балалармен бірге жақсы жұмыс істейтініндей. Сабақ кестесін өзіміз жасауға болатын. Өзіміз қалағандай сабақ өтетін. Мектеп қабырғасында неше түрлі жарыстар өткенін және де тек ғана оқитын балалар емес барлық балаларды бірдей көрсе екен деймін. Жаңа технологиялар дамыған мектептердің бірегейі болса еккен деймін.
Мен армандайтын мектеп-жаңаша бағытта істейтін, жұмыс атқаратын мектеп
Дойбы арнаулы тақтада ойналады. Ол тақта көлемі 8х8=64 тең шаршыдан тұрады. Әрбір жеке шаршылар ақ және қара түске боялады. Дойбылар осы шаршылардың қара түстілеріне тігіледі. Тақтаны алға дұрыс қою үшін, біріне-бірі қарсы отырған ойыншылардың оң қолына тақтаның ақ түске боялған шаршысы келуге тиіс. Дойбы тақтасында сегіз көлденең қатар бар да, сегіз тік қатар бар. «Қатар» дегеніміз – ақ және қара түске боялған шаршылардың тік немесе көлденең тізбегі. Диаграмма дегеніміз – дойбы тақтасының қағазға түскен суреті.
Дойбы тақтасындағы сегіз тік қатар: а, в, с (оқылуы а, бэ, цэ, дэ, е, эф, жэ, аш) деген латын әріптерімен белгіленіп, сегіз көлденең жатқан қатар бірден сегізге дейінгі реттік санымен таңбаланады. Мұны дойбы тақтасының нотациясы деп атайды.
Жеті - қасиетті сан.
Қазақ - ырымшыл халық. "Қасиетті" сандарды білмейтін адамдар жоқ шығар: «үш», «төрт», «бес», «жеті», «тоғыз», «он үш», «қырықты» бала күнімізден естіп, біліп жүрміз.
Жеті саны киелі мәнде халық санасына, ұлттық ұғымға мықтап бекіген. Бұл санның тұрмыс-тіршілікте, халық фольклорында, діни ұғымдардағы маңызы ерекше. Оған дәлел, аптада неше күн бар – жеті, аспан неше қабат – жеті, жер неше қабат – жеті. Міне, қызық, бәрі де жеті. Нөсерден кейінгі жаратушының жаршысындай жауынмен жарысып шығатын кемпірқосақтың түсі – жеті, осыған қоса жинақтау сандары да жетімен шектеледі: біреу, екеу, ұшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. «Сегізеу», «тоғызау» болып айтылмайды. Міне, айта берсек «жеті» санының «сиқырын» сипаттайтын құбылыстар жетерлік. Қазақ халқының салт-дәстүрінде де жеті санының орны бөлек. «Жеті атасын білмеген – жетесіз», «жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар», «жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» немесе «жеті атадан әрі ғана қыз алысу заңы», яғни араға жеті атаны салып құда түсу әдеті ғасырлар бойы сақталып келеді. Жеті саны кейде жақсылықпен байланыстырылып айтылса, кейде жамандықпен де байланысып жатады. Мысалы, қазақ «жұт жеті ағайынды» дейді. Бұл тіркес халықтың басына аласапыран заман туып, ашаршылық, бүліншілік, індет, ауру келсе айтылады. Халық жеті жұтқа мыналарды жатқызады: құрғақшылық, жұт (мал қырылу), өрт, оба (ауру), соғыс, топан су, зілзала. Жеті санына байланысты культтік фразеологизмдер басқа сандарға қарағанда жұмсалу өрісі кең. Оларға: жеті ғашық, жеті шәріп (әулие); жеті қазына, жеті ғалам, жеті күн, жеті жұт, жеті жоқ, жеті қат көк т.б. жатқызады.