Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (9 ақпан 1931, Алматы облысы, Райымбек ауданы Қарасаз - 27 наурыз 1976, Алматы) шын аты Мұхаммедқали – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді.Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы [У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971)], 8 жыр жинағы [“Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмірдастан” (1976)] жарық көрді. У.Уитмен, У.Шекспир, Н.Тихонов, Р.Бернс, Ф.Ансари, А.Акопян, А.Исаакян, Е.Евтушенко, Ф.Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды. Ю.А. Александров, М.М. Курганцев тәржімалаған ақын өлеңдері “Зов души” деген атпен орыс тілінде басылып шықты.
-Сәлем. Қалың қалай?
- Сәлем. Жақсы. Өзіңнің жай-күйің ше?
- Менде де хал-жағдайым жақсы.
-Мен сенен бір тақырыпқа байланысты сұрақ қояйын деп едім? Сен бос уақытыңды қалай өткізесің?
- Бос уақыт ол әр адамның байлығы десем артық болмас№ Мен бос уақытымды тиімді пайдалануға тырысамын.
- Тиімді дегенді қалай түсінуге болады?
- Яғни, мен далада доп қуып ойнағанша немесе компьютеге телміріп отырғаннан гөрі сабағымды дұрыстап, кітап оқығанды сүйемін. Сонымен қатар, спортпен де шұғылданамын.
- Мен, өкінішке орай, бос уақытымды зая кетіріппін. Сенің арқаңда оның қадірін түсіндім. Шексіз алғысымды білдіремін.
-Оқасы жоқ
Объяснение:
Жыл сайын елімізде дәстүрлі түрде атап өтілетін Президент шыршасы Атырау облысында мұнайлы астананың дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде атап өтілді. Оған Атырау қаласы мен аудан мектептерінен 200-ге жуық оқушы қатысты. Әрбір аудандық білім бөлімі, облыстық деңгейдегі мектеп-интернат үйлері ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған немесе көп балалы отбасынан шыққан, үздік оқитын он немесе бес баладан әкеліп, Елбасы ықыласына бөленулеріне мүмкіндік жасаған. Салтанатты шараға қатысу құрметіне ие болған бүлдіршіндер жан-жақтарын балаң жүздерімен қызықтай тамашалап, мәз-мәйрам болды.
Президент шыршасына келген балалардың қуанышын облыс әкімі Бергей Рысқалиев, қала әкімі Мереке Исмұратов, облыс әкімінің орынбасары Серік Аманғалиев, облыстық білім беру басқармасының бастығы Киікбай Жаулин бірге бөлісіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көгілдір экраннан кішкентай қазақстандықтарға жолдаған жаңа жылдық тілегін бірге тыңдады.
-Бүгін еліміздің барлық өңірлеріндегі таңдаулы балалар жиналып отыр. Сіздер арқылы барлық балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын. Сіздер бақытты балалық шақты бастан кешудесіздер. Асыл армандарыңыздың шындыққа айналуы үшін дарынды балаларға арналған мектептер, думан орталықтары ашылуда. Енді Абай аталарың «А бір-бірінен ақыл, ар, мінез дегендермен озады» дегендей, үлкен азамат болып өсіңдер! Талантты да алғыр, зерек те зерделі болыңдар! Балалық шақтағы достықтарың ұзаққа созылсын. Біздің еліміз көп ұлтты, бәріміз де Қазақстанда тұрамыз. Бойдағы күштеріңіз бен таланттарыңызды елдің болашағына жұмсай аласыздар. Ол үшін жүректеріңізде Отанға деген патриоттық сезім болуы тиіс. Жақсы оқып, көздеген армандарыңызға жетіңіздер! Жаңа Жылда ойлаған армандарыңыз орындалсын!»-деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Биылғы Президенттік Жаңа жыл шыршасына республиканың қатысты.
Бұдан соң облыс басшысы бастаған топ Президенттік шыршаға қатысушы балалармен бірге жарқырай жанған шыршаны қол ұстаса айналып, оларға қыстық жылы киімдерді сыйға тартты.
Біз көңілді кештің қызығына қуанып, жүздері бал-бұл жанған балдырғандармен тілдесіп, ерекше көңіл күйлерін қаз-қалпында беруге тырыстық. Индер ауданы Гребенщик орта мектебінің 7 сыныбында оқитын Кәмшат Кайнеденова осындай әсем шараға бұрын да қатысып көрген екен. Бұл күннен ұмытылмас әсер алатынын айтқан Кәмшат осындай қуанышты сыйға тартқан облыс басшылығындағы азамат ағаларымен қоса, мектебіне, ондағы Нұртас, Мұстахима апайларына, осы шыршаға барлығын алып келген Гүлмира Сисенғалиева апайына алғысын жеткізуді қиыла сұрайды.