М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
соныч
соныч
11.08.2020 17:49 •  Қазақ тiлi

Скиньте сказку мақта қыз бен мысық нужно и быстрей !

👇
Ответ:
RassvetZaGorami
RassvetZaGorami
11.08.2020
Ертеде бір Мақта қыз болыпты. Мақта қыздың жақсы көретін мысығыболған екен, бір күні Мақта қыз үйді жинап жатып бір мейіз тауып алады.Бөлісіп жемек болып Мақта қыз мысығын шақырады:
- Мысығым, мысығым! Ау, мысығым, мысығым! – деп.
Мысық күннің көзінде маужырап уйықтап жатқан түрі Мақта қызға баруғаерінеді. Мақта қыз мысығын шақырғанға келмеген соң, мейізді өзі жепқояды. Біраз уақыт өткен соң ұйқысы қанған мысық Мақта қызға келеді.
*2 бет
Ия, Мақта қыз, мені неге шақырдың? – дейді.
Мақта қыз:
- Шақырғанда келмегенсің, енді айтпаймын! – дейді
Мысық:
Айтпасаң, мен сенің қатығыңды төгіп тастаймын! – дейді
Мақта қыз:
Ал мен сенің құйрығыңды жұлып аламын! – дейді.
Сонымен мысық қатықты төгеді, Мақта қыз мысықтың құйрығын жұлыпалады.
*3 бет
Біраз уақыт өткен соң мысық мақта қызға келіп құйрығын сұрайды.
Мақта қыз:
- Менің қатығымды төле! – дейді.
Мысық сиырға барады:
- Сиыр, сиыр, маған қатық берші! – дейді.
Сиыр:
- Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді.
*4 бет
Мысық ағашқа барып:
- Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.
Ағаш:
- Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, - дейді.
*5 бет
Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді:
Қыздар, маған су беріңдерші! – дейді.
Қыздар оған:
- Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, - дейді.
*6 бет
Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді:
Қыздар, маған су беріңдерші! – дейді.
Қыздар оған:
- Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, - дейді.
*7 бет
Мысық дүкенге барады:
- Дүкенші, дүкенші, маған сағыз берші!- дейді
Дүкенші:
- Маған жұмыртқа бер, - дейді.
*8 бет
Мысық тауыққа барады:
- Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді
Тауықтар:
- Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, - дейді.
*9 бет
Мысық: “Енді не қыламын!” деп бара жатса, ін қазып жатқан бір тышқандыкөреді. Мысық тышқанды бас салады:
- Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар, - дейді.
- Тышқан қорыққаны соншалықты:
- Үйімде бір табақ тары бар, - дейді.
Мысық:
- Маған бір уыс тары бер, - дейді.
Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді.
*10 бет
Мысық тарыны апарып тауыққа береді. Тауық жұмыртқа береді.Жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді. Дүкенші сағыз береді. Сағыздыапарып қыздарға береді. Қыздар су береді. Суды апарып ағашқа береді.Ағаш жапырақ береді. Жапырақты сиырға береді. Сиыр қатық береді.Қатықты апарып Мақта қызға береді. Мақта қыз мысықтың құйрығынқайтарып береді
4,6(76 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
nairchik
nairchik
11.08.2020

Ақбөкен, киік (лат. Saiga tatarica) – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салм. 22 – 37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған.

2 оны киік депте атаған

4,5(37 оценок)
Ответ:
круголс
круголс
11.08.2020

Үш тұғырлы тіл

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа кезекті жолдауында үш тұғырлы тіл жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынған болатын. Бұл жағдайда Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылады. Бұл тілдер: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – халықаралық бизнес пен экономика тілі.

Болашақ осы үш тілді қатар, жетік меңгерген жастарымыздың қолында болмақ. Себебі қазіргі жаһандану заманында бәсекеге барынша қабілетті жастардың болашағы жарқын болмақ.

Қазақстан Республикасы Болон процесіне мүше болғаннан бері үш тұғырлы тіл мәселесі өз маңызын жоғалтпай, керісінше арта түсуде. Қазіргі кезде үш тілді қатар меңгеруге бар жағдай жасалып отыр, сол мүмкіндікті барынша пайдалану керек деп есептеймін. Бұл да қазіргі заман талабы. Тез өзгеріп жатқан дұниеде өмір сүріп, өз орныңды табу үшін жан – жақты болу керек. Дана халқымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деп қазіргі заман талабына сай көрегендікпен, терең қалай терең ойлап айтқан десеңші...!

Осы орайда мен де өз келешегімді шет тілдерімен байланыстырамын. Қазірдің өзінде мектепте ағылшын тіліне ден қойып, орыс тілін де жетік меңгеруге тырысып жүрмін.

4,6(79 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ