Өмірде қиялдап,армандамасаң мақсатыңа қалай жетесің? Кейбіреулер арманды бос қиялға теңейді менің ойымша арман мен қиял егіз ұғым. Қиялдап өз арманына жеткендер аз емес. Қиялдап менде дәл қазір өз шығармашылығымды бастадым. Қиялдап көзіңді бір сәтке жұмып көрші кейбіреулердің көз алдына ерекше бір сурет,біреулерге өлең жолдары,ал,енді біреулерге құлақтарына әуен келер. Міне,қиял адамның арманынан туады. Әр адамның өз арманы,өз қиялы болады. Және армандап қиялдай отырып,өз мақсатына жетеді.Барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатын сөзімдік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Міне әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби атамыздың ұлы сөзі де осыған дәлел. Әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығушылықтары мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бұл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады; Сөз соңында өміріміз қиял-ғажайыпқа толы болғай дегім келеді
150 слов.
Білім - ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.
Адамның көңілі шын мейірленсе, білім - ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.
Ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек.
Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.