М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации

Акын колбасшы эссе про махамбета отемисулы

👇
Ответ:
fgtsjdu
fgtsjdu
22.07.2022
Махамбет — халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, «Мұнар күн» өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай — ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады.Махамбет айтулы күйші, сазгер де болған. «Өкініш», «Қайран Нарын», «Жұмыр қылыш», «Терезе», т.б. күйлері күйтабаққа жазылды. Махамбет өлеңдері 1908, 1912, 1925 ж. Қазан, Орынбор, Ташкент қалаларында жарық көрді. Шығармалары 1939-89 жылдар арасында 8 рет жеке кітап болып шықты, оқулықтар мен жинақтарға енді. Оның өмірі мен шығармашылығы жөнінде Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов, Х.Сүйішәлиев, С.Қирабаев, Ә.Дербісәлин, Р.Бердібаев, М.Мағауин, Қ.Сыдиықов, т.б. ғалымдар мен қаламгерлер зерттеулер, мақалалар жазды, пікірлер айтты. Өтемісұлы Махамбет (1804-1846) – қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. Туып өскен жері Ішкі Бөкей ордасының Бекетай деп аталатын өңірі. Бұл қазіргі Орал облысының Жәнібек ауданына қарайтын жер. Шежіре дерегі бойынша он екі ата Байұлының бір бұтағы Беріш ішінде Нәдір деген кісіден Мәлі (кейбір деректе Құлмәлі, Құлманияз деп айтылады) туады. Мәлінің қазақ әйелінен Өтеміс пен Шыбынтай, қалмақ әйелінен Қобылай туған. Өтемістен — он ұл, Шыбынтайдан — төрт ұл, Қобылайдан — үш ұл туып, Мәлі ұлдың өзінен он жеті немере сүйген адам. Бұл әулет Тайсойған құмындағы іргелі ауылдардың бірі.Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерденген — қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің тұқымынан билер де, шешендер де шыққан.

1838 жылы Исатай қаза болған соң, Махамбет шағын тобымен орыс әскерлерінің арасынан өтіп, Хиуа хандығына кетеді. Ол көтерілісшілерді жауға қарсы күреске қайта жұмылдырғысы келеді, алайда оның бұл әрекеті жүзеге аспайды. Ол Бөкей ордасына жасырынып келіп, шаруалар арасында хан мен патшаға қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе бастайды, бірақ ол қайта тұтқындалып, Орынборға жөнелтіледі. Орынборда оған «енді қайтып бүлікке қатысушы болма» деген ескерту жасап, босатады.Өмірінің соңғы жылдарын ақын ауылда өткізеді. Жәңгір хан мен Баймағамбет сұлтан халықтың бүлік шығаруына ықпал етуінен секем алып, оның сыртынан бақылау қояды. Ақыры ханның тыңшылары Махамбетті опасыздықпен өлтіреді.Ақын өлендерінің негізгі тақырыбы — теңдік пен бостандық, әділдік үшін күрес, қанаушы отаршылдық жүйеге қарсылық болып келеді де әрқашан жігерлі асып-тасып жатқан асқақ рухпен көмкеріледі, оған көне дәстүр бойынша философиялық терең толғамдар, пайымдаулар сабақтасып отырады.Махамбет ақын – ұлт азаттығы үшін күрескер тарихи тұлға ретінде біздің Тәуелсіздігіміздің бастау көздерінің бірі ретінде саналады. Сондай қоғам қайраткерлігімен бірге, өзінің отты, жалынды өлеңдері арқылы бар өмірін туған халқының мұңын жоқтауға арнаған ардақты ақын.
4,8(47 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Anneli1
Anneli1
22.07.2022
Менің отанына мақтан тұтамын. Қазақстан көпұлтты мемлекет болып табылады. Ол аумағында тұрғысынан әлемде тоғызыншы орында! Қазақстан - үлкен мемлекеттік, қиын табиғи жағдайларда салынды. Бұл дала, шөлейт және шөл.
Қазақстан Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, кейбір жиырма жыл бұрын тәуелсіздігін алған. Бірақ Қазақстанның ұлттық мәдениеті көп ғасырлар бұрын ершігі өз өмірінің ең жүзеге асырылады қазақ көшпенділері жасау бастады. Шексіз дала және жартылай шөл, қаптаған бетегелі, селеулі, жусанды tirsikom және олардың тек байлық болды.
Қазақ, орыс, өзбек, украиндар, ұйғырлар, татарлар және басқалары: Енді біздің еліміз түрлі мәдениеттер адамдар тұрады. Қазақстанның әрбір азаматы қазақ тілін білемін - қазақ халқының тілі. Ол сондай-ақ, халықаралық қарым-қатынас тілі ретінде орыс тілі ресми тіл ретінде танылады. Қазақстанда Адамдар тегін және толып өмір сүреді. Жер көп, және олар аз ұсынады адамдар бар.
Қазақстанда Адамдардың көпшілігі бұл біздің ортақ Отанымыз екенін біле тұра, бірге өмір сүреді. Таңқаларлық емес, 1 мамыр, бірге Қазақстан мен Христиандық пен ислам Құрбан айт халқы бірлігі күніне арналған ел мемлекеттік мереке болып табылады. Бірақ түсіне бермейді кім, және дін немесе азаматтығы астам жанжалдарды жасайды.
Біздің елімізде климаттың Қазақстан халқына өте нәзік, құрғақ емес, болып саналады Дегенмен пайдалы қазбаларға бай. Тіпті Қазақстанда атақты «ғарыш қала» ғарыш орыс зымыран басталады Байқоңыр, болып табылады. Қазақстан сондай-ақ, бұл бірегей мемлекеттік, әлемнің кез келген жерінен артық емес болып табылады!
4,5(61 оценок)
Ответ:
Егор4ik18
Егор4ik18
22.07.2022

- Эх,ертеңгі сабақта талқылайтын тақырыбымыз маған онша ұнамайды.

- Неге,Жандос?Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері деген керек тақырып қой.Мен керісінше олар туралы тағы мол мәлімет алғым келеді.

- Олар елге не үшін керек?География,тарихта да сол бір рәміздерін біліп жүруіміз керек деп ағай қоймайды ғой.

- Сен олай ойлама.Мемлекеттік рәміздер - сол елдің қазыналары,тәуелсіздігінің айғағы.Рәміздерсіз елді елестету мүмкін емес.Олар сол елдің тарихынан,әл-ауқатынан,тұрмысынан мәлімет береді.

- Маған түсіндіріп көрші.

- Жарайды.Мысалы,біздің байрағымыз көк түсті.Көк түс - ол бейбітшілікті,кең байтақ аспанды білдіреді.Ал ортасындағы алтын күн - дамудың белгісі болса,қыран құс - айбындылық белгісі.

- Ал алтын түсті кестелі ою ше?

- Бұл - қазақ халқының қошқар мүйіз оюы.Ол біздің халқымыздың өз бейнесі десем де болады.Ал елтаңбамызда бейнеленген шаңырақ - мемлекеттің түпнегізі - отбасының бейнесі болса,қанатты тұлпарлар - қажымас қайраттың,талпыныстың бедері.Жоғарғы жағында орналасқан бес бұрышты жұлдыз - бізге бағыт-бағдар берер жол нұсқаушы.Сен мемлекеттік әнұранның авторларын білесің бе?

- Ия,оны білемін ғой.Сөзін жазған Ж.Нәжімеденов және Н.Назарбаев.Ал әнін Ш.Қалдаяқов жазды емес пе?

- Дұрыс айтасың.Ертеңгі сабақ енді саған қызықты болды ма?

- Ия,мен рәміздеріміздің маңыздылығын түсінгендей болдым.Рахмет,Әли!

- Оқасы жоқ!

4,8(88 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ