Өндірісі дамыған елде кейбір жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өзінніңалғашқы табиғи тіршілігінен айырылып қалмақ.Олар азайып, жылдар өткенсоң, мүлдем құрып кету қаупі туады. Құстар сайрап, көбелектер ұшып, гүлдер гүлдеп тұруы үшін біз өз Отанымыздың табиғатын жан-жақты қорғауға тиістіміз. Қайткен күнде де табиғат өзіннің табиғи қалпын сақтауы қажет.өзімізді қоршаған табиғи ортаны, табиғатты аялай құрметтеп, тани білейік. Қорықтарға барғанда ешбір аңға, құсқа тиіспей, гүлдер мен өсімдіктерді жұлып, таптамау керек. Табиғатты ар-ожданы таза, саналы адамдар ғана қорғай алады.Елімізде табиғат байлығын: ормандар мен өсімдіктерді, жануарлар мен аң-құстарды қорғап, сақтайтын қорықтар көп)
Қарағанды – бұл Қазақстанның ірі индустриялы-өндірістік, ғылыми және мәдени орталық. Қала аты осы маңайда көп өсетін қарағана өсімдігінен шықты деп есептелінеді. Қарағанды өзінің қала мәртебесін 1934 жылы 10 ақпан айында алды. Бүгінгі күні, халық саны бойынша, Қарағанды – Қарағанды облысның ең үлкен қаласы (559 200 адам) және Қазақстан бойынша төртінші орында (Алматы, Шымкент, Астана).Қарағандыда көмір шығару бойынша ірі кәсіпорындар жұмыс істейді, сонымен қатар машина салу, металл өңдеу және тамақ өндірісінің кәсіпорындары бар. Қалада көлік және байланыс кәсіпорындары көп.