Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «А » деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып кете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жлғасы қрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтерден ісдестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты – тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні – өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата – ана алдында нәзік те қиын, қыр сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады.
Ол – бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз – ата – ана. Бала үшін ішінен, ата анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер – жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Ата – ана – бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінезқұлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балаларымен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды.
Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау – ата – ананың басты парызы. Бала – әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік. Шәкәрім атамыздың «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан үстем бола алатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек, бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді» дегендей, құнды қаиеттерге ие рухани адамды қалыптастыру – шынында оның туған кезінен басталса керек. Ал адамның адам болып қалыптасуында ата анамен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің де рөлі бар. Алтын бесік – отбасы болса, алтын ұя – мектеп.
Объяснение:
Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, сондықтан халқымыз: «Табиғат - адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі» - деп бекер айтпаған. Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Табиғатпен таныстыру – балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені» екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі.Табиғат тіршілік иелерінің бәріне де қорек, ауа, су, жылу, жарық қажет. Бұл тіршілік қажеттерін олар табиғаттан алады. Осының өзі де адам, өсімдік пенжануар сияқты тірі табиғаттың перзенті екеніне дәлел бола алады.
абиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.