М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Nikolayal
Nikolayal
24.01.2021 11:37 •  Қазақ тiлi

Написать сочинение на тему " моя любимая машина" на казахском языке

👇
Ответ:
Undina705
Undina705
24.01.2021
Көліктің рулін ұстағаныма жылдан асты. Менің машина алғаным да қызық болды, аяқ астынан асығып үсігіп бір аптаның ішінде алып тындым, онда да бір әйелдің мініп жүрген машинасын тартып алғандай қып сатып алдық. Себебі машина таңдап берген танысым осыны алсаң өкінбейсің деген еді. Сонымен, машинамды ГАИ дың қасында, ақшасы төленіп, құжаттарды толтырып болғасын бір-ақ көрдім. Қызыл түсті 95 жылғы Гольф-3. Механика, көлемі 1.8, қосымшадан аэрбагы мен кондиционері бар. Машина бір көргеннен ұнады, Германияда әйел адам жүргізген, Қазақстанда да солай, ешбір қиналмаған, салоны тап-таза, жүргенде ешбір сықыр естілмейтін машина екен. Тағы бір ұнаған жері электропакет емес, сондықтан терезесі ашылып-жабылмай қалады, т.б. деп қорықпайтын болдым. Қарапайым, түсінікті, ықшам, жылдам және тіл алғыш машина. (Оның бәрін қазір түсіндім ғой, басында ештеңе түсінбейтінмін). Хош, сонымен машина алынды, жайлап жүре бастадым. Осы бір жыл ішінде байғұсқа иттің тынымдай тыным болған жоқ. Мен вахтада жүрген кезде інім, вахтадан келгенде өзім әйтеуір бір күн тыным көрген емес. Қай жері бұзылды деген сұраққа келсек – ең ірі көлемдегі жөндеуім бензонасосын ауыстырғаным. Қытайдыкін салдым, 5500, жұмысымен 7000 ға шықты. Майдың датчигін, бензиннің фильтрін ауыстырдым, комплект свечи ауыстырдым. Сосын әрине май ауыстыру, фильтрін ауыстыру, ауа фильтрі, қыстық-жаздық жаңа дөңгелектерін есептемегенде. Олар кез-келген машинада жасалынуы керек, су жаңа болмаса әрине. Болды. Сонымен жылдын 4 мезгілінде тыным таппайды, ішіне құрылыс жүрген кезде ағаш, цемент, кірпіш, тұрба т.б.материалдар салынып тасылды, қысқасын айтқанда бір Газельдің қызметін атқарды десе де болады. Трассада 120-130 ды қиналмай ұстайды, одан артыққа көтермеймін, жол жаман. Қыста аккумуляторы күшті болса бір салғаннан оталады (тьфу-тьфу).Ішқұрылысы қарапайым, кез-келген ТЖО да қарай береді, бөлшектері арзан. Жеңіл-желпі балшықтардан шебер айдасаң өтіп кетеді. Тек клиренсімен балшық сүзіп, радиаторды бітеп алмау үшін ондайдан қашамын. Жалпы машинамды өте жақсы көрем және әзірге ауыстыра қояр ойым жоқ. Берер бағам – немістердің шығарған ең қарапайым және сапалы көліктерінің бірі. Соңғы шыққан Гольф -4, 5 модельдер ұнамайды. Несімен? Бірінші бұрынғы сапалы металл мен салонның сапалы пластигі жоқ. Мысалға көлемі 1.6 Гольф -4 оған қоса кондері бар, бізді ыстықта және біздің жолдарда өте тиімді машина емес, өз денесін өзі тарта алмайды деді бір танысым. Сатайын деп жүр. Сондай ақ мысалға Хюндай Аксенттер сырты әдемі болғанмен ішіне отырсаң картон қағаздан жасалғандай әсер береді.
4,7(94 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
NastyaZl
NastyaZl
24.01.2021

Объяснение:

- Сәлем Данияр! Мектеп қалай өтті? Сен қандай белгілер аласың?

- Бәрі жақсы, мен бесеу мен төртеу аламын!

- Сен қандай жақсы адамсың! Бүгінге қандай жоспарлар?

-Мама жаңа бұталар отырғызуымды өтінді.

-Мен саған көмектесе аламын ба, мен тек табиғатты аялағанды ​​жақсы көремін!

-Әрине, Әмір ағай! Мен сіздің көмегіңізге қуаныштымын!

- Онда тез бастайық!

-Ия, біз асығуымыз керек.

-Сен су тасисың, мен бұталар үшін шұңқыр қазамын. Бұл қиын жұмыс.

-Жақсы рахмет!

-Оқасы жоқ.

(бір сағаттан кейін)

- Вуух, қиын болды, Данияр келіседі ме? Сен өте еңбекқорсың!

-Ия, көп рахмет, мен мұны жалғыз қалай жасар едім деп елестете алмаймын! Сіз өте мейірімді және жауаптысыз! Және сіз әрқашан достық пен күш көрсетуге дайынсыз.

-Мен әрқашан көмектескеніме қуаныштымын және сізге рахмет!

Там уже сразу идет с деректі и дерексіз зат есімдер, типо например деректі это слово ана, а дерексіз это слово қуаныш.

4,4(72 оценок)
Ответ:
blowwwwwwww
blowwwwwwww
24.01.2021

тәуелдік жалғау:Ердің екі сөйлегені - өлгені; еменнің иілгені - сынғаны.Дегендегі сөйлегені, өлгені, иілгені.

Көптік жалғау:Қала-лар, мекеме-лер, ғалым-дар.

септік жалғаулар:

Атау – кітап

Ілік – кітаптың

Барыс – кітапқа

Табыс – кітапты

Жатыс – кітапта

Шығыс – кітаптан

Көмектес – кітаппен.

Жіктік жалғау:Мен отырмын,тұрмын,жүрмін,жатырмын

Сен отырсың,тұрсың,жүрсің,жатырсың

Сіз отырсыз,тұрсыз,жүрсіз,жатырсыз

Ол отыр,тұр,жүр,жатыр.

Көпше түрі

Біз (біздер) отырмыз,тұрмыз,жүрміз,жатырмыз.

Сендер отырсыңдар,тұрсыңдар,жүрсіңдер,жатырсыңдар.

Сіздер отырсыздар,тұрсыздар,жүрсіздер,жатырсыздар.

Олар отыр, тұр, жүр, жатыр.

4,8(2 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ