Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен, түсінік, адамды тыңдай білу, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Достық адамдардың ең алдымен бір-біріне сенуінен басталады. Ол артқан сайын, достық та қатая түседі. Ал бір-біріне сенімі жоқ, дегенмен өздерін дос санайтындар да бар, ол жалған достық – бірде бар, бірде жоқ.
«Достық» туралы нақты ой айтқан философ А.Шопенгауэр өзінің «Өмірлік данышпандықтың афоризмдері» деген еңбегінде: «Нағыз шынайы достық адамдардың бір-бірімен терең, таза және адал қарым-қатынасын қажет етеді. Бұл дегеніміз – досыңыздың қайғысы мен қуанышына ортақтаса білу деген сөз. Осының бәрі адамның табиғи өзімшілдік, өркөкіректік қасиеттерін жояды» деген. Күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарыңның басы бұзылмағаны қандай жақсы.
Парсы жазушысы Кабустың әйгілі «Қабуснама» кітабында былай делінген екен: «Ей, перзентім! Мынаны білгейсің: адамға тірісінде доссыз болмайды. Адамның доссыз болғанынан ағайынсыз болғаны жақсы. Бір данышпаннан: «Дос пен ағайынның қайсысы жақсы?» – деп сұрапты. Данышпан «Дос жақсы»,- депті. Сол үшін достарыңның ісі жайында ойла, оларға сәлем-сауқат жіберіп тұр және қамқор бол. Себебі, әркім өз досын жадында тұтпаса, достары да оны есінде сақтамайды, ақырында ол доссыз қалатын болады». Және халықта «Алтын берген – дос емес, ақыл берген – дос» деген мақал бар. Достық – бұл өмірдегі еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық.
Дос табу оңай, ал оны сақтау қиын. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді. Күнделікті өмірде көңіліңе шапағат сәулесін шашып, сенің төрт құбылаңды тең ететін айналаңдағы достарыңның басы бұзылмағаны қандай жақсы.
Объяснение:
Тарихтан хабарыңыз болса, нақ осы кезең ел басына күн туған өте ауыр кезең еді. Сондықтан ата-аналар да, мемлекет те барлық оқушыларды бірдей формамен қамтамасыз ете алмады.
Уақыт өте келе, мектеп оқушылары қызыл-қоңыр түсті көйлектер мен фартук киіп, алмалы-салмалы жағалар тағынып жүретін болды. Үйлеріңізде әжелеріңіздің ескі суреттері сақталған болса, тағы да бір үңілулеріңізге әбден болады.
Мектеп формаларын кию заңды түрде қатаң бекітілгені соншалықты, 1920 жылдардан бастап, талапты орындамағандарға «халық жауы» деген айып тағылды.
Бір ғасырға жуық уақыт бойы Кеңес Одағы мектеп формасына бірнеше рет өзгерістер енгізді. Нәтижесінде қыз балалар – мереке күндері қызыл-қоңыр түсті көйлектерімен ақ фартук тақса, қарапайым күндері қара фартук киіп, бастарына бантик байлап жүретін болды.
Көйлектердің жеңі мен жағасы қарапайым ғана безендірілген және оны тағып жүру міндетті саналды. Оған қосымша қара және қызыл қоңыр түсті бантиктерді (шеру кездерінде ақ бантик) байлап жүруге талап қойылатын болған. Революцияға дейінгі формадан ерекшелігі: ұл балалардың тоғалы белдіктер мен былғары, күн қағарлы кепештердің қолдануы. Сонымен қатар, пионерлер - қызыл галстук,комсомолдар - кеуделеріне жұлдызша тағынатын болды.
Сталиннің саясаты мектеп өміріне де әсер етпей қалған жоқ. Ол кездегі тәртіп бойынша, тіпті шаш сәнінің өзі бірыңғай болсын деген заң бекітілді. Ал шаш бояу туралы әңгімеге мүлде орын жоқ. Қыздарымызға бұрымдарының болуы және бантиктерін тастамауы міндеттелді.